2021 жылға арналған Аққулы ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Аққулы ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1-03/267 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 желтоқсанда № 7079 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімі аппарат басшысының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 01-21/562 хатымен).

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімі аппарат басшысының 16.08.2024 № 01-21/562 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға арналған Аққулы ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі А. Балгабаев

  Аққулы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 1-03/267 қаулысына
қосымша

2021 жылға арналған Аққулы ауданының ұйымдарында
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарының квотасы

Р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, бірлік

1

Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімінің "Аққу-Сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

68

3%

2

2

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Аққулы аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

200

1%

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады