Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің Набережное ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 1-03-5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 тамызда № 6926 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 1-03-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 15.02.2021 № 1-03-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 2-36/297 ұсынысы негізінде, Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің Набережное ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Григорьевка ауылдық округінің әкімі В. Бруцкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады