Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
Алматы қаласының әкімі 2020 жылғы 8 қыркүйегі № 3/353 қаулысына қосымша |
Алматы қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1239 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
2. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 3 тамыздағы № 3/356 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1303 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
3. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 6 ақпандағы № 1/35 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1347 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
4. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 1/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1446 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қаңтарда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
5. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 13 тамыздағы № 3/388 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1496 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
6. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 23 қазандағы № 4/587 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1594 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).