Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 3/391 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 1639 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласының әкімі
2020 жылғы 25 қыркүйегі
№ 3/391
Қаулысына қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі

      1) "Алматы қаласында көрсетілетін ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/570 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1224 тіркелген, 2015 жылғы 7 қарашадағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      2) "Алматы қаласында көрсетілетін ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/570 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 1/12 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1249 тіркелген, 2016 жылғы 18 ақпандағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      3) "Алматы қаласында көрсетілетін ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/570 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 4/454 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1425 тіркелген, 2017 жылғы 25 қарашадағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      4) "Алматы қаласында көрсетілетін техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/569 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1223 тіркелген, 2015 жылғы 7 қарашадағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      5) "Алматы қаласында көрсетілетін техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/569 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 3/426 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1319 тіркелген, 2016 жылғы 15 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      6) "Алматы қаласында көрсетілетін техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазанда № 3/569 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 1/140 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1453 тіркелген, 2018 жылғы 27 ақпандағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      7) "Алматы қаласында көрсетілетін өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/620 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1232 тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсандағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      8) "Алматы қаласында көрсетілетін өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 4/483 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1431 тіркелген, 2017 жылғы 9 желтоқсандағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      9) "Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/105 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1281 тіркелген, 2016 жылғы 5 мамырдағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      10) "Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/436 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1322 тіркелген, 2016 жылғы 27 қазандағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      11) "Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/105 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 4/583 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1444 тіркелген, 2018 жылғы 20 қаңтардағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      12) "Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 2/190 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1289 тіркелген, 2016 жылғы 18 маусымдағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      13) "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3/450 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1324 тіркелген, 2016 жылғы 27 қазандағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      14) "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3/450 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 1/9 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1447 тіркелген, 2018 жылғы 3 ақпандағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      15) "Алматы қаласында көрсетілетін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 4/497 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1327 тіркелген, 2016 жылғы 29 қарашадағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады