Алматы қаласы әкімдігінің "Сақтаушы, сақтандырушы, агент және өзара сақтандыру қоғамының бақылау қызметтерін жүзеге асыру үшін берілетін қажетті ақпарат және құжаттардың нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 14 мамырдағы № 2/290 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 3/392 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 1640 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Сақтаушы, сақтандырушы, агент және өзара сақтандыру қоғамының бақылау қызметтерін жүзеге асыру үшін берілетін қажетті ақпарат және құжаттардың нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 14 мамырдағы қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1167 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады