Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық әктілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Алматы қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 4/634 қаулысына қосымша |
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 2/404 "Алматы қаласында көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1181 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
2. Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 2/165 "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 маусымдағы № 2/404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1288 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 маусымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
3. Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 1/47 "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 маусымдағы № 2/404 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1455 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).