Сайлау учаскесін тарату және Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы "Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 06-01/05 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 06-01/04 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қазанда № 1648 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қырқүйегіндегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Медеу ауданы аумағында № 392 сайлау учаскесі таратылсын.

      2. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы "Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 06-01/05 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 1602 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2020 жылғы 07 қаңтардағы № 1 (5820) және "Вечерний Алматы" газетінің 2020 жылғы 07 қаңтардағы № 1 (13634) санында жарияланған) келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) аталған шешiмнiң қосымшасындағы "№ 392 сайлау учаскесі. Орталығы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 117/6. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштердің "Батыр" Президенттік полкі" 0111 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі. Шекарасы: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштердің "Батыр" Президенттік полкі" 0111 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аумағы" мәтіні алынып тасталсын;

      2) аталған шешімнің қосымшасындағы № 358, 369, 370, 398, 402, 403, 407, 413, 418, 499 сайлау учаскелері орталығының атаулары осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      3) аталған шешімнің қосымшасындағы № 360, 366, 376, 377, 381, 382, 384, 385, 387, 391, 395, 396, 404, 406, 412, 414, 416, 417, 419, 420, 537, 575 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      4) Алматы қаласы Медеу ауданы аумағында № 591 сайлау учаскесі құрылсын;

      5) аталған шешiмнiң қосымшасы келесідей мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:

      "№ 591 сайлау учаскесі. Орталығы: Алматы қаласы, Думан шағын ауданы, Қарқаралы көшесі, 15. "№ 172 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Шекарасы: Талғар даңғыл жолынан, Думан-2 шағын ауданындағы №15 үй аумағының батыс шекарасы бойымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Думан шағын ауданындағы Қарқаралы көшесіне дейін; Думан шағын ауданындағы Қарқаралы көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Думан шағын ауданындағы Ақжайық көшесіне дейін; Думан шағын ауданындағы Ақжайық көшесімен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Думан шағын ауданындағы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы көшесіне дейін; Думан шағын ауданындағы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) қала шекарасына дейін; қала шекарасымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Талғар даңғыл жолына дейін; Талғар даңғыл жолымен оңтүстік-батысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Думан-2 шағын ауданындағы №15 үй аумағының батыс шекарасына дейін".

      3. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда жариялануын, сондай-ақ Медеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Медеу ауданы әкімінің аппарат басшысы Ә. Жадаевқа жүктелсін.

      5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Масабаев

  Алматы қаласы Медеу
ауданы әкімінің 2020 жылғы
12 қазандағы № 06-01/04
шешіміне 1-қосымша

№ 358 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 102.

      "М. Мәметова атындағы № 28 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

№ 369 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 53.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Алматы облыстық И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернат.

№ 370 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Алатау шағын ауданы, Жетбаев көшесі, 2.

      Алатау шағын ауданындағы әкімшілік ғимарат.

№ 398 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 40.

      "Ж. Жабаев атындағы № 161 Лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

№ 402 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Янушкевич көшесі, 58.

      "А.С. Пушкин атындағы № 4 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

№ 403 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Орынбор көшесі, 17, 1 корпус.

      "Оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

№ 407 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Кабилов көшесі, 50.

      "Өрлеу" "Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының филиалы "Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты".

№ 413 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, З. Шашкин көшесі, 32А.

      "Сенім" үзіліссіз білім беру" жеке меншік мектеп" мекемесі.

№ 418 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Алатау шағын ауданы, Жетбаев көшесі, 26/1.

      Кафе "Достар".

№ 499 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Өмірзақ Сұлтанғазин көшесі, 7А.

      "№ 194 негізгі орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".

  Алматы қаласы Медеу
ауданы әкімінің 2020 жылғы
12 қазандағы № 06-01/04
шешіміне 2-қосымша

№ 360 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ришат және Мүслім Абдуллиндер көшесі, 6/1.

      "Ұлттық зияткерлік меншік институтының филиалы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Шекарасы: Ришат және Мүслім Абдуллиндер көшесінен Мақатаев көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзенінің арнасымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Гоголь көшесіне дейін; Гоголь көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Ғафу Қайырбеков көшесіне дейін; Ғафу Қайырбеков көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Жібек Жолы даңғылына дейін; Жібек Жолы даңғылымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Ришат және Мүслім Абдуллиндер көшесіне дейін; Ришат және Муслим Абдуллиндер көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Мақатаев көшесіне дейін, "Психикалық сауықтыру орталығы (наркологиялық қызмет)" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны аумағының шекарасын қоспағанда.

№ 366 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Орынбор көшесі, 17.

      "73 Гвардиялық Қызыл тулы Сталинград Дунай атқыштар дивизиясы атындағы №64 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Жарбұлақ өзенінің арнасынан Халиуллин көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Шығыс айналмалы автокөлік жолына дейін; Шығыс айналмалы автокөлік жолымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Айдын көшесіне дейін; Айдын көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Абылғазы өзенінің арнасына дейін; Абылғазы өзенінің арнасымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Жарбұлақ өзенінің арнасына дейін; Жарбұлақ өзенінің арнасымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Халиуллин көшесіне дейін.

№ 376 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 82.

      "Жанұя" мамандандырылған кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Кіші Алматы өзенінің арнасынан Қабанбай батыр көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Жарбұлақ өзенінің арнасына дейін; Жарбұлақ өзенінің арнасымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Дачный тұйық көшесіне дейін, Бекхожин көшесіндегі № 27, 29 үйлер аумағын және Ватутин көшесіндегі № 19 және Қастеев көшесіндегі № 50 үйлер аумағының шекарасын қоса; Дачный тұйық көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Бегалин көшесіне дейін; Бегалин көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бағадурбек Байтасов көшесіне дейін; Бағадурбек Байтасов көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Луганский көшесіне дейін; Луганский көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қармысов көшесіне дейін; Қармысов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзенінің арнасымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қабанбай батыр көшесіне дейін.

№ 377 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 124.

      "Оқушылар сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Достық даңғылынан Республика Сарайының оңтүстігіне өтетін жолымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Луганский көшесіне дейін; Луганский көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Бағадурбек Байтасов көшесіне дейін; Бағадурбек Байтасов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Бегалин көшесіне дейін; Бегалин көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Дачный тұйық көшесіне дейін; Дачный тұйық көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Жарбұлақ өзенінің арнасына дейін; Жарбұлақ өзенінің арнасымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Горный тұйық көшесіндегі № 5 үй аумағының шекарасы тұсының сызығына дейін, Дачный тұйық көшесіндегі № 34, 18, 18/1 үйлер аумағының шекарасын қоса; Горный тұйық көшесіндегі № 5 үй аумағының шекарасы тұсының сызығымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Горновосточная көшесіне дейін; Горновосточная көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Коккинаки көшесіне дейін; Коккинаки көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Луганский көшесіне дейін; Луганский көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Сәтбаев көшесіне дейін; Сәтбаев көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзенінің арнасымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Ньютон көшесіне дейін; Ньютон көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Республика Сарайының оңтүстігіне қарай өтетін жолына дейін.

№ 381 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Самал-2 шағын ауданы, 22.

      "Б. Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Жолдасбеков көшесінен Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Әл–Фараби даңғылына дейін; Әл–Фараби даңғылымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Меңдіқұлов бульварына дейін; Меңдіқұлов бульварымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Самал–2 шағын ауданындағы № 84, 85, 86, 87, 88 үйлер аумағын қоспағанда Жолдасбеков көшесіне дейін; Жолдасбеков көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін.

№ 382 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Самал–1 шағын ауданы, 9А.

      "Айсер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Шекарасы: Меңдіқұлов бульварынан Жолдасбеков көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Самал–1 шағын ауданындағы № 9 үй аумағының батыс шекарасының тұсына дейін; Самал–1 шағын ауданындағы № 9 үй аумағының батыс шекарасының тұсымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Самал–1 шағын ауданындағы № 9/2 үй аумағының солтүстік шекарасына дейін; Самал–1 шағын ауданындағы № 9/2 үй аумағының солтүстік шекарасының бойымен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Назарбаев даңғылына дейін; Назарбаев даңғылымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Назарбаев даңғылындағы № 240 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Назарбаев даңғылындағы № 240 үй аумағының оңтүстік шекарасы бойымен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Снегина көшесінің бойымен Меңдіқұлов бульварына дейін; Меңдіқұлов бульварымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Самал–2 шағын ауданындағы № 84, 85, 86, 87, 88 үйлер аумағын қоса Жолдасбеков көшесіне дейін;

№ 384 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 289.

      "№ 163 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Әл–Фараби даңғылы № 36 үй аумағының оңтүстік–батыс шекарасынан Әл–Фараби даңғылымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Назарбаев даңғылына дейін; Назарбаев даңғылымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Назарбаев даңғылындағы № 240 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Назарбаев даңғылындағы № 240 үй аумағының оңтүстік шекарасы бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Снегина көшесінің бойымен Меңдіқұлов бульварына дейін; Меңдіқұлов бульварымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Әл-Фараби даңғылына дейін; Әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Достық даңғылындағы №99/1 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Достық даңғылындағы № 99/1 үй аумағының оңтүстік шекарасымен батысқа қарай (солтүстік жағы), әрі қарай Самал–3 шағын ауданындағы № 1, 10, 9 үйлер аумағының оңтүстік шекарасымен, Самал–3 шағын ауданындағы № 21, 21В, 22 үйлерді қоса Меңдіқұлов бульварына дейін; Меңдіқұлов бульварымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қажымұқан көшесіне дейін; Қажымұқан көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Назарбаев даңғылына дейін; Назарбаев даңғылымен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік–батыс жағы) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара aкадемиясы" мемлекеттік мекемесінің солтүстік шекарасына дейін; "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара aкадемиясы" мемлекеттік мекемесінің солтүстік және батыс шекарасымен батысқа қарай, әрі қарай оңтүстікке қарай (солтүстік–батыс жағы) Таулы Қырат шағын ауданының Тайманов көшесіне дейін; Таулы Қырат шағын ауданындағы Тайманов көшесімен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік–шығыс жағы) Таулы Қырат шағын ауданындағы Затаевич көшесіне дейін; Таулы Қырат шағын ауданындағы Затаевич көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Таулы Қырат шағын ауданындағы 8–гвардиялық дивизия көшесіне дейін; Таулы Қырат шағын ауданындағы 8–гвардиялық дивизия көшесімен солтүстік–батысқа қарай (солтүстік–шығыс жағы) Әл–Фараби даңғылындағы № 36 үй аумағының оңтүстік–батыс шекарасының бойымен Әл-Фараби даңғылына дейін.

№ 385 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Сапар Байжанов көшесі, 100/10.

      "Самал" Пансионаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Достық даңғылынан Қажымұқан көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Сапар Байжанов көшесіне дейін; Сапар Байжанов көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі" мемлекеттік мекемесі аумағының оңтүстік шекарасына дейін; "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі" мемлекеттік мекемесі аумағының оңтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Назарбаев даңғылына дейін; Назарбаев даңғылымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қажымұқан көшесіне дейін; Қажымұқан көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Меңдіқұлов бульварына дейін; Меңдіқұлов бульварымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Самал–3 шағын ауданындағы № 22 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Самал–3 шағын ауданындағы № 22 үй аумағының оңтүстік шекарасымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Самал–3 шағын ауданындағы № 21 үй аумағының шығыс шекарасына дейін; Самал–3 шағын ауданындағы № 21 үй аумағының шығыс шекарасымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Самал–3 шағын ауданындағы № 34, 35, 36 үйлер аумағының солтүстік шекарасының тұсына дейін; Самал–3 шағын ауданындағы № 34, 35, 36 үйлер аумағының солтүстік шекарасының бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қажымұқан көшесіне дейін, "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі" мемлекеттік мекемесі аумағының шекарасын қоспағанда.

№ 387 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 266А.

      "№ 17 мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Омарова көшесінен Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы" мемлекеттік мекемесінің оңтүстік шекарасына дейін; "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы" мемлекеттік мекемесінің шекарасымен батысқа қарай (оңтүстік жағы), әрі қарай оңтүстікке қарай (шығыс жағы), одан әрі "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы" мемлекеттік мекемесінің оңтүстік шекарасы тұсымен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Достық даңғылы мен Чайкина көшесінің қиылысына дейін; Чайкина көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзенінің арнасымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Жарбұлақ өзенінің арнасымен қиылысына дейін; Жарбұлақ өзенінің арнасымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Көктөбе шағын ауданының батыс шекарасына дейін; Көктөбе шағын ауданының батыс шекарасымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Омарова көшесіне дейін; Омарова көшесімен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін.

№ 391 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 103.

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара aкадемиясы" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара aкадемиясы" мемлекеттік мекемесінің аумағы.

№ 395 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 220.

      "№ 5 қалалық клиникалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      Шекарасы: "№ 5 қалалық клиникалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аумағы.

№ 396 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 10.

      "Психикалық сауықтыру орталығы (наркологиялық қызмет)" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

      Шекарасы: "Психикалық сауықтыру орталығы (наркологиялық қызмет)" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының аумағы.

№ 404 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Иштван Қоңыр көшесі, 53.

      "№ 99 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Украинская көшесінен Шығыс айналмалы автокөлік жолымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Сабыр Шәріпов көшесіне дейін; Сабыр Шәріпов көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Морозов көшесіне дейін; Морозов көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Бригадная көшесіне дейін; Бригадная көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Говоров көшесіне дейін; Говоров көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Думан шағын ауданындағы 2-ші Каримбаев көшесіне дейін; Думан шағын ауданындағы 2-ші Каримбаев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Тіксай өзенінің арнасы дейін; Тіксай өзені арнасымен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Қасым Аманжолов көшесіндегі № 52, 53, 67 үйлер аумағының шекарасын қоса, әрі қарай Иштван Қоңыр және Сабыр Шәріпов көшелеріндегі үйлер аумағының шекараларын қоса Кеңсай-1 жабық мұсылман зиратының солтүстік шекарасына дейін; Кеңсай-1 жабық мұсылман зираты аумағының солтүстік шекарасымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Истомин көшесіне дейін; Истомин көшесімен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Рудзутак көшесіне дейін; Рудзутак көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Украинская көшесіне дейін; Украинская көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Шығыс айналмалы автокөлік жолына дейін.

№ 406 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Иштван Қоңыр көшесі, 53.

      "№ 99 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Халиуллин көшесінен Думан шағын ауданындағы Қарашаш көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Морозов көшесіне дейін; Морозов көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Сабыр Шәріпов көшесіне дейін; Сабыр Шәріпов көшесімен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Шығыс айналмалы автокөлік жолына дейін; Шығыс айналмалы автокөлік жолымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Халиуллин көшесіне дейін.

№ 412 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Думан шағын ауданы, Қарқаралы көшесі, 15.

      "№ 172 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Думан шағын ауданындағы Қарашаш көшесінен Талғар даңғыл жолымен солтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Думан шағын ауданындағы Хантәңірі көшесіне дейін; Думан шағын ауданындағы Хантәңірі көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Думан шағын ауданындағы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы көшесіне дейін; Думан шағын ауданындағы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Думан шағын ауданындағы Бішкек көшесіне дейін; Думан шағын ауданындағы Бішкек көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Думан шағын ауданындағы Алатау көшесіндегі № 26А үй аумағының оңтүстік шекарасының тұсына дейін; Думан шағын ауданының Алатау көшесіндегі № 26А үй аумағының оңтүстік шекарасымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Тіксай өзені арнасы мен Думан шағын ауданындағы 2-ші Каримбаев көшесінің қиылысына дейін, Қасым Аманжолов көшесіндегі № 67, 53, 52 үйлер аумағының шекарасын қоспағанда; Думан шағын ауданындағы 2-ші Каримбаев көшесімен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Говоров көшесіне дейін; Говоров көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Бригадная көшесіне дейін; Бригадная көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Морозов көшесіне дейін; Морозов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Думан шағын ауданындағы Қарашаш көшесіне дейін; Думан шағын ауданындағы Қарашаш көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Талғар даңғыл жолына дейін.

№ 414 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Таулы Қырат шағын ауданы, М. Жуков көшесі, 140.

      "№ 77 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Таулы Қырат шағын ауданындағы Әзірбаев көшесінен Таулы Қырат шағын ауданындағы Тайманов көшесімен оңтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–батыс жағы) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара aкадемиясы" мемлекеттік мекемесінің оңтүстік шекарасына дейін; "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара aкадемиясы" мемлекеттік мекемесінің оңтүстік шекарасымен солтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен оңтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–батыс жағы) Достық даңғылындағы № 300/141 үй аумағының оңтүстік–шығыс шекарасына дейін; Достық даңғылындағы № 300/141 мен №291/1 үйлер арасымен оңтүстік–батысқа қарай; (солтүстік–батыс жағы) Дружба бағбандық серіктестігі аумағының солтүстік-шығыс шекарасына дейін; Дружба бағбандық серіктестігі аумағының шекарасымен солтүстік–батысқа қарай (солтүстік–шығыс жағы) Таулы Қырат шағын ауданының Жамақаев көшесіндегі № 258/36 үй аумағының солтүстік–батыс шекарасының тұсына дейін; Таулы Қырат шағын ауданының Жамақаев көшесіндегі № 258/36 үй аумағының солтүстік–батыс шекарасы тұсының бойымен солтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Таулы Қырат шағын ауданындағы Ахмедяров көшесінің тұсына дейін; Таулы Қырат шағын ауданындағы Ахмедяров көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Таулы Қырат шағын ауданындағы Ескендіров көшесіне дейін; Таулы Қырат шағын ауданындағы Ескендіров көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Таулы Қырат шағын ауданындағы Әзірбаев көшесіне дейін; Таулы Қырат шағын ауданындағы Әзірбаев көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Таулы Қырат шағын ауданындағы Тайманов көшесіне дейін, "Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы аумағының шекарасын қоспағанда.

№ 416 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Көктөбе шағын ауданы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 69.

      "Қ.Қатықбаева атындағы № 168 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қабанбай батыр көшесі мен Жарбұлақ өзенінің қиылысынан Көктөбе тауының солтүстік–батыс баурайымен солтүстік–шығысқа қарай Көктөбе шағын ауданындағы Роза Бағланова көшесінің бойымен (оңтүстік–шығыс жағы) Абылғазы өзенінің арнасына дейін; Абылғазы өзенінің арнасымен солтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Апорт көшесіндегі № 61В үйінің солтүстік шекарасының тұсына дейін; Апорт көшесіндегі № 61В үйінің солтүстік шекарасымен солтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Шығыс айналмалы автокөлік жолына дейін; Шығыс айналмалы автокөлік жолымен оңтүстік–батысқа қарай (солтүстік–батыс жағы), әрі қарай оңтүстікке қарай (батыс жағы) Төле би көшесінің жол айрығына дейін; Төле би көшесінің жол айрығынан оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік–батыс жағы) Көк-Төбе-1 бағбандық серіктестігін қоса, Эдельвейс бағбандық серіктестігі аумағының солтүстік шекарасына дейін; Эдельвейс, Восход, Луч бағбандық серіктестіктері аумағының солтүстік пен батыс шекарасымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Көлсай шағын ауданының солтүстік шекарасына дейін; Көлсай шағын ауданының солтүстік шекарасымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Абылғазы өзенінің арнасына дейін; Абылғазы өзенінің арнасымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Көк Төбе қарау алаңы тұсының сызығына дейін; Көк Төбе қарау алаңы тұсының сызығымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Көктөбе шағын ауданының Сахариев көшесіндегі № 85А үй аумағының оңтүстік шекарасының тұсына дейін; Көктөбе шағын ауданының Сахариев көшесіндегі № 85А үй аумағының оңтүстік шекарасының тұсынан солтүстікке қарай (шығыс жағы) әрі қарай солтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Көктөбе шағын ауданының Диваев көшесіне дейін; Көктөбе шағын ауданының Диваев көшесімен, әрі қарай Яблочная көшесімен солтүстік–батысқа қарай (солтүстік–шығыс жағы) Қабанбай батыр көшесі мен Жарбұлақ өзенінің қиылысына дейін, "Облыстық тері-венерологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны аумағының шекарасын қоспағанда.

№ 417 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Тау-Самал шағын ауданы, Кербұлақ көшесі, 6Г.

      "Каменское Плато" фтизиопульмонология оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Каменское Плато" фтизиопульмонология оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аумағы.

№ 419 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Тәтібеков көшесі, 61.

      "Клуб Ритм" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Шекарасы: Жарбұлақ өзенінің арнасынан Рысқұлов даңғылымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Құлжа даңғыл жолына дейін; Құлжа даңғыл жолымен солтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Бұқтырма көшесіне дейін; Бұқтырма көшесімен оңтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–батыс жағы) Үлкен Алматы каналына дейін; Үлкен Алматы каналымен оңтүстік–батысқа қарай (солтүстік–батыс жағы) Бесағаш ауылының батыс шекарасына дейін; Бесағаш ауылының батыс шекарасының бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Талғар даңғыл жолына дейін; Талғар даңғыл жолымен, әрі қарай Халиуллин көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Жарбұлақ өзенінің арнасына дейін; Жарбұлақ өзенінің арнасымен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Атырау шағын ауданын қоса Рысқұлов даңғылына дейін.

№ 420 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Думан шағын ауданы, Қарқаралы көшесі, 15.

      "№ 172 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Думан шағын ауданындағы Бішкек көшесінен Думан шағын ауданындағы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) қала шекарасына дейін; қала шекарасымен оңтүстікке қарай (батыс жағы), әрі қарай батысқа қарай (солтүстік жағы) Тіксай өзені арнасымен қала шекарасының қиылысына дейін; Тіксай өзені арнасының бойымен солтүстік–батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Иштван Қоңыр көшесі, Сабыр Шәріпов көшесіндегі үйлер аумағының шекарасын қоспағанда, әрі қарай солтүстікке қарай (шығыс жағы) Думан шағын ауданының Бішкек көшесіндегі № 40В үй аумағының солтүстік шекарасына дейін; Думан шағын ауданының Бішкек көшесіндегі № 40В үй аумағының солтүстік шекарасының бойымен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Думан шағын ауданының Бішкек көшесіне дейін; Думан шағын ауданындағы Бішкек көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Думан шағын ауданындағы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы көшесіне дейін.

№ 537 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 266А.

      "№ 17 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Жарбұлақ өзенінен Шығыс айналмалы автокөлік жолымен оңтүстік–батысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Көктөбе шағын ауданының батыс шекарасына дейін; Көктөбе шағын ауданының батыс шекарасымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Юбилейный тұрғын үй кешенінің оңтүстік шекарасына дейін; Юбилейный тұрғын үй кешенінің оңтүстік шекарасымен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Көлсай шағын ауданының батыс шекарасына дейін; Көлсай шағын ауданының батыс шекарасымен солтүстік-батысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) әрі қарай солтүстік-шығысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Абылғазы өзенінің арнасына дейін; Абылғазы өзенінің арнасымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Көк Төбе қарау алаңы тұсының сызығына дейін; Көк Төбе қарау алаңы тұсы сызығынан батысқа қарай (оңтүстік жағы) Көктөбе шағын ауданының шығыс шекарасына дейін; Көктөбе шағын ауданының шығыс шекарасымен, әрі қарай Көк Төбе тауының батыс баурайы бойымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Жарбұлақ өзенінің арнасына дейін; Жарбұлақ өзенінің арнасымен солтүстік–батысқа (оңтүстік–батыс жағы) Шығыс айналмалы автокөлік жолына дейін.

№ 575 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Думан шағын ауданы, Қарқаралы көшесі, 15.

      "№ 172 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Талғар даңғыл жолынан Думан шағын ауданындағы Хантәңірі көшесімен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Думан шағын ауданындағы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы көшесіне дейін; Думан шағын ауданындағы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Думан шағын ауданындағы Ақжайық көшесіне дейін; Думан шағын ауданындағы Ақжайық көшесімен солтүстікке қарай (батыс жағы) Қарқаралы көшесіне дейін; Қарқаралы көшесімен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Думан шағын ауданындағы Қарқаралы көшесіндегі № 44 үйдің батыс шекарасына дейін; Думан шағын ауданындағы Қарқаралы көшесіндегі № 44 үйдің батыс шекарасы бойымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Думан-2 шағын ауданы № 14 және № 28 үйлер арасымен Талғар даңғыл жолына дейін; Талғар даңғыл жолымен оңтүстік-батысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Думан шағын ауданындағы Хантәңірі көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады