Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 02 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қарашада № 1655 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1539 болып тіркелген, 2019 жылы 16 сәуірде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешімнің 1-қосымшасында:

      1) № 422, 447, 457, 458, 459, 464, 478, 523 сайлау учаскелері орталықтардың атаулары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      2) № 522 сайлау учаскесінің атауы мен шекарасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      3) № 551, 552 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      4) Алматы қаласы Түрксіб ауданының аумағында № 594, 595 сайлау учаскелері құрылсын;

      5) мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:

      "№ 594 сайлау учаскесі (орталығы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Изатима Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалы, Дегдар көшесі, 10/2 үй.

      Шекарасы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Изатима Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалы.

      № 595 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 198 мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Жас Қанат" шағынауданы, 129 үй.

      Шекарасы: Рысқұлова даңғылынан Жаяу Мұса көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Көрімдік көшесіне дейін, Көрімдік көшесінен батысқа қарай "Жас Қанат" шағынауданындағы № 1/25, 1/26, 1/27, 1/28, 1/29, 1/30, 1/31, 1/32, 1/33, 1/34, 1/35, 1/36, 1/37, 1/38, 1/39, 1/40, 1/41, 1/42, 1/43, 1/44, 1/45, 1/46, 1/47, 1/48, 1/49, 1/50, 1/51, 1/56, 1/57, 1/58, 1/76, 1/77 көппәтерлі үйлерді қосқанда (32 үй)".

      2. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Түрксіб ауданның әкімі аппаратының басшысы Б.О. Торламбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. АКЖАРОВ

  Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімінің
2020 жылғы 4 қарашадағы
№ 02 шешіміне
1-қосымша

№ 422 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 31 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Гете көшесі, 263) № 447 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 85 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Урицкий көшесі, 2а) № 457 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 49 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Кассин көшесі, 47) № 458 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 49 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы, Кассин көшесі, 47) № 459 сайлау учаскесі (орталығы: "Аяжан" колледжі, білім мекемесі,
Таласский көшесі, 1) № 464 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 17 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Гете көшесі, 177) № 478 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 142 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Жұлдыз-1" шағынауданы, 20 үй) № 523 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 203 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Нұршашқан" шағынауданы, Досбол би көшесі, 31)

  Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімінің
2020 жылғы 4 қарашадағы
№ 02 шешіміне
2-қосымша

№ 522 сайлау учаскесі (орталығы: Алматы қаласы қоғамдық денсаулық
басқармасының "Жас Қанат" бастапқы медициналық-санитарлық көмек
орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны, "Жас Қанат" шағынауданы, 54/2)

      Шекарасы: Рысқұлов даңғылынан Жаяу Мұса көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Бұқтырма көшесіне дейін, Бұқтырма көшесінің оңтүстік-шығысынан Құлжа тас жолына дейін, Құлжа тас жолының бойымен оңтүстікке қарай Рысқұлов даңғылына дейін.

  Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімінің
2020 жылғы 4 қарашадағы
№ 02 шешіміне
3-қосымша

№ 551 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 198 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Жас қанат" шағынауданы, 129 үй)

      Шекарасы: Баймағамбетов көшесінің шығыс жағы бойынша № 314 үйден солтүстікке қарай Кіші Алматы өзенінің бойымен кинологиялық орталыққа дейін, кинологиялық орталықтан шығысқа қарай "Жас қанат" шағынауданының шекарасына дейін, "Жас қанат" шағынауданының оңтүстік-батыс шекарасының бойымен Баймағамбетов көшесіне дейін, Баймағамбетов көшесінің бойымен батысқа қарай, "Жас канат" шағынауданының № 1/34, 1/58, 1/76, 1/77 көппәтерлі үйлерін қоспағанда № 314 үйге дейін ("Жас канат" шағынауданының жеке меншік үйлерін түгелдей қосқанда).

№ 552 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 198 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Жас қанат" шағынауданы, 129 үй)

      Шекарасы: "Жас Канат" шағынауданындағы № 1/5, 1/6, 1/7, 1/8, 1/9, 1/10, 1/11, 1/12, 1/13, 1/14, 1/15, 1/16, 1/17, 1/18, 1/19, 1/20, 1/21, 1/22, 1/23, 1/24 көппәтерлі үйлер (20 үй), Баймағамбетов көшесіндегі жеке меншік үйлерді қосқанда № 28 үйден бастап Кіші Алматы өзенінің бойымен Баймағамбетов көшесіндегі № 314 үйге дейін, ары шығысқа қарай "Жас Канат" шағынауданындағы № 1/32 үйге дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады