"Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 02 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 1 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 тамызда № 1632 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 02 "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1393 болып тіркелген, 2017 жылы 20 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда және Әуезов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысы Ш.Тұрсынбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі С. Сайфеденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады