Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 1 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 ақпанда № 1605 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 07.10.2020 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 3 шешімі (2018 жылғы 21 қарашада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1510 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2018 жылғы 24 қарашадағы № 134 (5641) және "Вечерний Алматы" газетінің 2018 жылғы 24 қарашадағы № 142 (13463) санында жарияланған), Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 3 "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 4 шешімі (2019 жылғы 21 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1525 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 25 (5688) және "Вечерний Алматы" газетінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 24 (13502) санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде, сондай-ақ Наурызбай ауданы әкімінің интернет -ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысы М. Нысаналиевке жүктелсін.

      5. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі С. Тоғай

  Алматы қаласы
Наурызбай ауданы әкімінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 1 шешіміне қосымша

Алматы қаласы Наурызбай ауданының сайлау учаскелері

№ 500 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 7 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, "Қалқаман 2" шағынауданы.

      Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауынан, оңтүстік бағытта Сағатов көшесіне дейін. Сағатов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің шығыс жақ бетінен, солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін.

№ 501 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 7 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, "Қалқаман 2" шағынауданы.

      Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Сағатов көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Құлбеков көшесіне дейін. Құлбеков көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Аспандияров көшесіне дейін. Аспандияров көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Байзақ батыр көшесіне дейін. Байзақ батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Қабылбаев көшесіне дейін. Қабылбаев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Құлбеков көшесіне дейін. Құлбеков көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Сағатов көшесіне дейін.

№ 502 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 1 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, "Қалқаман 2" шағынауданы, Әшімов көшесі, 2 үй.

      Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Құлбеков көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта, Қабылбаев көшесіне дейін. Қабылбаев көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта, Арман көшесіне дейін. Арман көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта, Молдабеков көшесіне дейін. Молдабеков көшесінің шығыс жақ бетінен, солтүстік бағытта, Сәбденов көшесіне дейін. Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Бегалиев көшесіне дейін. Бегалиев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта, Ер Жәнібек көшесіне дейін. Ер Жәнібек көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Құлбеков көшесіне дейін.

№ 503 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 7 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, "Қалқаман 2" шағынауданы.

      Шекарасы: Бегалиев көшесінен бастап, Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта, Қыдырбеков көшесіне дейін. Қыдырбеков көшесінің шығыс жақ бетімен Айтбаев көшесіне өтіп, Жақыбаев көшесіне дейін. Жақыбаев көшесінің солтүстік жақ бетімен Айбергенов көшесіне дейін. Айбергенов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетінен, шығыс бағытта, Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің батыс жақ бетінен, оңтүстік бағытта, Ер Жәнібек көшесіне дейін. Ер Жәнібек көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта, Бегалиев көшесіне дейін. Бегалиев көшесінің батыс жақ бетінен оңтүстік бағытта Сәбденов көшесіне дейін.

№ 504 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 200 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Шұғыла" шағынауданы, 345/3 үй.

      Шекарасы: Тастыбұлақ өзенінен бастап, Сәбденов көшесінің оңтүстік жақ бетімен, батыс бағытта, Нұрлы таң көшесіне дейін. Нұрлы таң көшесінің шығыс жақ бетімен, Береке көшесіне өтіп, оңтүстік бағытта Белжайлау көшесіне дейін. Белжайлау көшесінің солтүстік жақ бетімен шығыс бағытта № 15 мектеп-интернатының оңтүстік шекарасынан өтіп, әрі қарай Арман көшесінен өтіп, Сыпатай батыр көшесіне дейін. Сыпатай батыр көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің батыс жағалауынан солтүстік бағытта Сәбденов көшесіне дейін.

№ 505 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 157 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қалқаман 2" шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй.

      Шекарасы: Молдабекова көшесінен бастап, Сәбденов көшесінің оңтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Тастыбұлак өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің шығыс жақ бетімен, Сыпатай батыр көшесіне өтіп, оңтүстік бағыттағы Арман көшесіне дейін. Арман көшесінің солтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Молдабеков көшесіне дейін. Молдабеков көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы Сәбденов көшесіне дейін.

№ 506 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 157 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қалқаман 2" шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй.

      Шекарасы: Қабылбаев көшесінен бастап, Байзақ батыр көшесінінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жағалауымен, оңтүстік бағыттағы жобаланатын Абай даңғылымен қиылысына дейін. жобаланатын Абай даңғылының солтүстік жақ бетімен, батыс бағытағы Аспандияров көшесіне дейін. Аспандияров көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағыттағы Арман көшесіне дейін. Арман көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Қабылбаев көшесіне дейін. Қабылбаев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы Байзақ батыр көшесіне дейін.

№ 507 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 176 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қалқаман 2" шағынауданы, Қыдыров көшесі, 47 үй.

      Шекарасы: Тастыбұлақ өзенінен бастап, Белжайлау көшесінің оңтүстік жақ бетімен Арман көшесіне өтіп, шығыс бағытта Аспандияров көшесіне дейін. Аспандияров көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта, жобаланатын Абай даңғылына дейін. Жобаланатын Абай даңғылының оңтүстік жақ бетімен, шығыс багыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен, оңтүстік бағытта Шаляпин көшесіне дейін. Шаляпин көшесінің солтүстік жақ бетімен, Южная көшесіне өтіп ТауСамалы коттедж қалашығы шекарасын айналып өтіп, батыс бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Белжайлау көшесіне дейін.

№ 508 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 176 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қалқаман 2" шағынауданы, Қыдыров көшесі, 47 үй.

      Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Шаляпин көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен, оңтүстік бағытта Кеңесбаев көшесіне дейін. Кеңесбаев көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Шаляпин көшесіне дейін.

№ 509 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 188 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Таусамалы" шағынауданы, Жандосов көшесі, 4 үй.

      Шекарасы: Ақсу-Жабағылы көшесінен бастап, Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта, Ермек көшесіне дейін. Ермек көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік-шығыс бағытта, Жанат, Жадыра, Щедрость, Арман, Арал, Каменское баубақша серіктестіктерінің батыс жақ шекараларынан Тастыбұлақ шағынауданының шығыс жақ шекарасына дейін. Тастыбұлақ шағынауданының шығыс жақ шекарасынан оңтүстік бағытта, аудан шекарасы және бұлақ жағалауының қиылысына дейін. Аудан шекарасы және бұлақ жағалауының қиылысынан батыс бағытта Іле-Алатау ұлттық саябағы шекарасын бойлап Ақсай өзені жағалауымен қиылысына дейін. Ақсай өзені қиылысынан Ақсай өзені жағасын бойлап солтүстік бағытта, Тастыбұлақ өзені жағасымен қиылысына дейін. Тастыбұлақ өзені шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Ақсу-Жабағылы көшесіне дейін.

№ 510 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 26 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, "Таусамалы" шағынауданы, Гроза көшесі, 102 үй.

      Шекарасы: Нұршайықов көшесінен бастап, Кеңесбаев көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Қарғалы өзені мен Жандосов көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа қарай бұрылып, Жандосов көшесінің оңтүстік бойымен өтіп, Центральная көшесі мен Таугүл-3 шағынауданының солтүстік-батыс шекарасына дейін. Сельхозработник бау-бақша серіктестігі солтүстік шекарасымен өтіп, әрі қарай Балбырауын көшесіне өтіп, батыс бағытта Таусамалы шағынауданының Нұршайықов көшесіне дейін. Нұршайықов көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Кенесбаев көшесіне дейін.

№ 511 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Рахат" шағынауданы, Күлтөбе көшесі, 1 үй.

      Шекарасы: Құрамыс, Рахат шағынаудандары және Таугүл-3 шағынауданының бір бөлігі. Қарғалы өзені жағалауынан бастап Сельхозработник бау-бақша серіктестігінің шығыс жақ шекарасынан өтіп әрі қарай Таугүл-3 шағынауданының Новая көшесінен өтіп, әрі қарай Тополева көшесінің оң жақ бетімен, Асқаров көшесінің қиылысына дейін. Тополевая көшесі мен Асқаров көшелері қиылысынан оңтүстік бағытта бұрылып, Асқаров көшесінің батыс жағымен кіші Асқаров көшесімен қиылысына дейін. Кіші Асқаров көшесінің солтүстік жақ бетімен негізгі Кенесары хан көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Кенесары хан көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Үшқоныр көшесіне дейін. Үшқоныр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жақ бойымен солтүстік бағытта Сельхозработник бау-бақша серіктестігі шекарасына дейін.

№ 512 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "Байтерек" халықаралық лицей мектебі, "Қарғалы" шағынауданы, Редько көшесі, 7 үй.

      Шекарасы: Қарғалы, Ғаламат шағынаудандары. Кенесары хан көшесінің батыс жақ бетімен, Редько көшесіне өтіп оңтүстік бағытта, аудан шекарасы бойымен Ғаламат шағынауданының оңтүстік- шығыс шекарасына дейін. Редько көшесі және Ғаламат шағынауданының оңтүстік- шығыс шекарасының қиылысынан оңтүстік – батыс бағытқа бұрылып аудан шекарасының бойымен 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен солтүстік бағытта әрі қарай шығыс бағытта Кенесары хан көшесінің бойындағы "Хан Тенгри" тұрғын үй кешеніне дейін (№ 54/1, 54/2, 54/3 корпус 1, 54/3 корпус 2, 54/4, 54/5, 54/6, 54/7, 54/8 корпус 1, 54/8 корпус 2, 54/9, 54/10 үйлерді қоспағанда).

№ 513 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 192 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қарағайлы" шағынауданы, Қали Надыров көшесі, 50 үй.

      Шекарасы: Қарағайлы шағынауданы, Қарғалы өзенінен бастап Құралай көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қали Надыров көшесіне дейін. Қали Надыров көшесінің шығыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Тәжиев көшесіне өтеді. Тәжиев көшесінің шығыс жақ бетімен оңтүстік бағытта су бөгетіне дейін. Бөгеттен оңтүстік - батыс бағытта 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен шығыс бағытта Ғаламат және Қарағайлы шағынаудандары шекарасына дейін, әрі қарай Қарағайлы және Қарғалы шағынаудандары шекарасының батыс жағалауымен, солтүстік бағытта Қарғалы өзеніне дейін.

№ 514 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 192 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қарағайлы" шағынауданы, Қали Надыров көшесі, 50 үй.

      Шекарасы: Қарағайлы шағынауданы, Қали Надыров көшесінің батыс жақ бетімен Тәжиев көшесіне өтеді. Руханият және Қали Надыров көшелері қиылысынан, Қали Надыров көшесінің батыс жақ бетімен Тажиев көшесіне өтіп, оңтүстік бағытта бөгетке дейін. Бөгеттен оңтүстік - батыс бағытта 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен солтүстік бағытта өзен жағалауымен қиылысына дейін. Өзен жағалауымен қиылыстан Тастыбұлақ және Қарағайлы шағынаудандары шекарасының шығыс жақ бойымен, солтүстік бағытта Саудакент және Руханият көшелері қиылысына дейін. Қарағайлы шағынауданы Руханият көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қали Надыров көшесіне дейін.

№ 515 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 186 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Ақжар" шағынауданы, Байсұлтанов көшесі, 15 үй.

      Шекарасы: Жандосов көшесінен бастап Молдағалиев көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Қамысдала көшесіне дейін. Қамысдала көшесінің оңтүстік жақ бетінен, шығыс бағытта Өмірзақова көшесіне дейін. Өмірзақова көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Берел көшесіне дейін. Берел көшесінің солтүстік жақ бетінен, шығыс бағытта Нұрғали көшесіне дейін. Нұрғали көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Белжайлау, әрі қарай Белгібаев және Сұлтанбаев көшелерінін алады. Тастыбұлақ өзенінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Молдағалиев көшесіне дейін.

№ 516 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№186 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Ақжар" шағынауданы, Байсұлтанов көшесі, 15 үй.

      Шекарасы: Жандосов көшесінен бастап, Молдагалиев көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағытта, Қамысдала көшесіне дейін. Қамысдала көшесінің солтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Өмірзақов көшесіне дейін. Өмірзақов көшесінің батыс жақ бетімен солтүстік бағытта Әбділдин көшесіне дейін. Әбділдин көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта Бекешев көшесіне дейін. Бекешев көшесінің шығыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Молдағалиев көшесіне дейін.

№ 517 Сайлау учаскесі (жабық)

      Орталығы: "№ 1 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, "Қалқаман 2" шағынауданы, Әшімов көшесі, 2 үй.

      Шекарасы: "№ 1 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

№ 518 Сайлау учаскесі (жабық)

      Орталығы: "№ 7 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, "Қалқаман 2" шағынауданы.

      Шекарасы: "№ 7 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

№ 519 Сайлау учаскесі (жабық)

      Орталығы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2027 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Ақжар" шағынауданы, Дәулеткерей көшесі, 178 үй.

      Шекарасы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2027 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

№ 520 Сайлау учаскесі (жабық)

      Орталығы: "С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының университеттік клиникасы, "Тастыбұлақ" шағынауданы, Қарлығаш көшесі, 14/1 үй.

      Шекарасы: "С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының университеттік клиникасы.

№ 538 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 174 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Шұғыла" шағынауданы, 340 Б үй.

      Шекарасы: Наурыз шағынаудандары және Абай саяжайлары. Строительная көшесінен бастап, Карьерная көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік-батыс бағытта қала шекарасын айналып Райымбек даңғылына дейін ("Қазақстан қағазы" Акционерлік қоғамын қоспағанда). Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Дала көшесімен жанақұрылыстың батыс шекарасын айналып өтіп Жүнүсов көшесіне дейін. Жүнүсов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Сәбденов көшесіне дейін. Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Строительная көшесіне дейін. Строительная көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Карьерная көшесіне дейін.

№ 539 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 174 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Шұғыла" шағынауданы, 340 Б үй.

      Шекарасы: Жүнүсов көшесінен бастап, Жақыбаев көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта, Айтбаев көшесіне дейін. Айтбаев көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Тастыбұлақ өзенінің қиылысына дейін, әрі қарай Қыдырбеков көшесінің батыс жақ бетімен Сәбденов көшесіне дейін. Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта, Шұғыла шағынауданының Жүнүсов көшесіне дейін. Жүнүсов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Жақыбаев көшесіне дейін. "Премьера" тұрғын үй кешенінің № 18,22,23,24,25,26,27,28, үйлерін қоса алғанда.

№ 540 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 186 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Ақжар" шағынауданы, Байсұлтанов көшесі, 15 үй.

      Шекарасы: Ақжар шағынауданы, Жандосов көшесімен Ақсай өзенінің қиылысынан солтүстік бағытта аудан шекарасын айналып "Ақсай" карьерін бойлап Аккент көшесіне дейін. Ақкент көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта, Бекешев көшесіне дейін. Бекешев көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Ақсай өзенімен қиылысына дейін.

№ 541 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 188 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Таусамалы" шағынауданы, Жандосов көшесі, 4 үй.

      Шекарасы: Тастыбұлақ шағынауданы, Жандосов көшесінен бастап, Айболит көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағытта, Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің шығыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Айболит көшесіне дейін, Алмалы баубақша серіктестігін қоса алғанда.

№ 542 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 187 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Таусамалы" шағынауданы, Жандосов көшесі, 2 үй.

      Шекарасы: Айтматов көшесі мен Сағдиев көшесінің қиылысынан бастап оңтүстік бағытта Шолпан көшесіне дейін. Шолпан көшесінің солтүстік жақ бетімен, оңтүстік-батыс бағытта Арал, Сәулет, Щедрость, Жадыра, Жанат баубақша серіктестіктерінің оңтүстік және батыс шекарасынан өтіп, солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Айболит көшесіне дейін. Айболит көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Ақсай көшесіне дейін. Ақсай көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Айтматов көшесіне дейін. Айтматов көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта, Сағдиев көшесіне дейін. (Алмалы баубақша серіктестігін қоспағанда).

№ 543 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 187 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Таусамалы" шағынауданы, Жандосов көшесі, 2 үй.

      Шекарасы: Гроза көшесінен бастап, Балбырауын көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Құралай көшесіне дейін. Құралай көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Руханият көшесіне өтіп, Саудакент көшесіне дейін. Саудакент көшесінің шығыс жақ бетімен Шолпан кошесіне өтіп, солтүстік бағытта Гроза көшесіне дейін.

№ 544 Сайлау учаскесі (жабық)

      Орталығы: "Алатау" емдік-сауықтыру кешені" акционерлік қоғамы, "Таусамалы" шағынауданы, Әшімов көшесі, 50А үй.

      Шекарасы: "Алатау" емдік-сауықтыру кешені" акционерлік қоғамы.

№ 560 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 36 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, "Шұғыла" шағынауданы, 340А үй.

      Шекарасы: Райымбек даңғылынан бастап, Айбергенов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Айтбаев көшесіне дейін. Айтбаев көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жақыбаев көшесіне дейін. Жақыбаев көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Жүнүсов көшесіне дейін. Жүнүсов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Айбергенов көшесіне дейін.

№ 561 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 157 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қалқаман 2" шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй.

      Шекарасы: Аспандияров көшесінен бастап, Құлбеков көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жағалауымен оңтүстік бағытта Байзақ батыр көшесіне дейін. Байзақ батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Аспандияров көшесіне дейін. Аспандияров көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Құлбеков көшесіне дейін.

№ 562 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 200 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Шұғыла" шағынауданы, 345/3 үй.

      Шекарасы: Карьерный көшесінен бастап, Бекешев көшесінің оңтүстік жақ бетімен, Белжайлау көшесіне өтіп, шығыс бағытта Нұрғали көшесіне дейін. Нұрғали көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Берел көшесіне дейін. Берел көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Өмірзақов көшесіне дейін. Өмірзақов көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Әбділдин көшесіне дейін. Әбділдин көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Бекешев көшесіне дейін. Бекешева көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Ақкент көшесіне дейін. Ақкент көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Төлебеков көшесіне дейін. Төлебеков көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Карьерная көшесіне дейін. Карьерная көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Бекешев көшесінің қиылысына дейін.

№ 563 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Таусамалы" шағынауданы , Рысқұлов көшесі, 129 үй.

      Шекарасы: Сағдиев көшесінен бастап, Кеңесбаев көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Қалқаман 2 шағынауданының 2-ші көшесіне дейін. Қалқаман 2 шағынауданының 2-ші көше көшенің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Құрамыс шағынауданының Шолпан көшесіне дейін. Құрамыс шағынауданының Шолпан көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта, Сағдиев көшесіне дейін. Сағдиев көшесінен солтүстік бағытта Кеңесбаев көшесіне дейін.

№ 564 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Рахат" шағынауданы, Күлтөбе көшесі, 1 үй.

      Шекарасы: "Хан Тенгри" тұрғын үй кешенінен бастап, № 54/1, 54/2, 54/3 корпус 1, 54/3 корпус 2, 54/4, 54/5, 54/6, 54/7, 54/8 корпус 1, 54/8 корпус 2, 54/9, 54/10 үйлерді қоса алып, Кенесары хан көшесінің батыс жақ бетімен солтүстік бағытта Рауан және Кенесары хан көшесіне өтіп, Үшқоныр көшесіне дейін. Үшқоныр көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта, Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жақ жағалауымен оңтүстік бағытта, Тәжиев көшесі мен Манғытаев көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай, оңтүстік-шығыс бағытта "Хан Тенгри" тұрғын үй кешеніне дейін.

№ 577 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "Самай" Алматы математика-лингвистикалық мектебі, "Шұғыла" шағынауданы, Сығай көшесі, 111 үй.

      Шекарасы: "Премьера" тұрғын үй кешені, Жуалы көшесі: № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 29 үйлері.

№ 578 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 27 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, "Ақжар" шағынауданы, Даулеткерей көшесі, 100 үй.

      Шекарасы: Таужолы шағынауданы, Досмұхамедов көшесінен бастап, Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Таутаған көшесіне дейін. Таутаған көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта ауданның оңтүстік-батыс шекарасына дейін. Ауданның оңтүстік-батыс шекарасынан Досмұхамедов көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін.

№ 579 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 184 бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Шұғыла" шағынауданы, 340/1 үй.

      Шекарасы: Наурыз шағынауданы және Абай саяжайлары. Строительная көшесінен бастап, Карьерная көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік–батыс бағытта қаланың шекарасымен айналып өтіп Центральная көшесіне дейін. Центральная көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта, Грушевая көшесіне дейін. Грушевая көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта, Строительная көшесіне дейін. Строительная көшесінің шығыс жақ бетімен, Абай даңғылына дейін. Абай даңғылының оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта, Ақкөл көшесіне дейін. Ақкөл көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Бекешев көшесіне дейін. Бекешев көшесінің солтүстік жақ бетімен Карьерная көшесіне дейін.

№ 580 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 174 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Шұғыла" шағынауданы, 340Б үй.

      Шекарасы: Сабденов көшесінен бастап, Нұрлы таң көшесінің шығыс жақ бетімен Береке көшесіне өтіп, оңтүстік бағытта Белжайлау көшесіне дейін. Белжайлау көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Ақкөл көшесіне дейін. Ақкөл көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Абай даңғылына дейін. Абай даңғылының солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Строительная көшесіне дейін. Строительная көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Сабденов көшесіне дейін. Сабденов көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Нұрлы таң көшесіне дейін.

№ 581 Сайлау учаскесі

      Орталығы: "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Таусамалы" шағынауданы, Жандосов көшесі, 1 үй.

      Шекарасы: Сағдиев көшесінен бастап, Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Гроза көшесіне дейін. Грозы көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Балбырауын көшесіне дейін. Балбырауын көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Сейдімбек көшесіне дейін. Сейдімбек көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта, әрі қарай Сейдімбек көшесінің батыс жақ бетімен,солтүстік бағытта Надыров көшесіне дейін. Надыров көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Сейітбеков көшесіне дейін. Сейітбеков көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Қозыбасы көшесіне дейін, Сағдиев көшесіне өтіп солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады