Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 7 ақпандағы № 25 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 ақпанда № 6000 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі 2020 жылғы 7 ақпаны № 25 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 185 қаулысы (2016 жылғы 12 шілде "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3795 болып тіркелді).

      2. "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 515 қаулысы (2017 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4023 болып тіркелді).

      3. "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 370 қаулысы (2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5099 болып тіркелді).

      4. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 364 қаулысы (2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5094 болып тіркелді).

      5. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 364 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 75 қаулысы (2019 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5320 болып тіркелді).

      6. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 364 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 199 қаулысы (2019 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5481 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады