"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 қарашадағы № 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 26 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 ақпанда № 6018 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 қарашадағы № 438 қаулысына (2017 жылғы 22 қараша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4365 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
К.Аксакалов

  2020 жылғы 11 ақпаны № 26 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің 2017 жылғы "03" қарашадағы № 438 қаулысымен бекітілді

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

Атауы

Мекенжайы

1.

Жеке кәсіпкер
"Куминова Елена Владимировна"
"Школьник" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Интернационал көшесі, 71

2.

Жеке кәсіпкер
"Куминова Елена Владимировна"
"Карандаш" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Евней Бөкетов атындағы көшесі, 51

3.

Жеке кәсіпкер
"Садакова Ольга Геннадьевна"
"Пеликан" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Хименко көшесі, 10 "А"

4.

Жеке кәсіпкер
"Садакова Ольга Геннадьевна"
"Кнопка" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 111

5.

Жеке кәсіпкер
"Садакова Ольга Геннадьевна"
"Книги" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Қазақстан Конституциясы көшесі, 14

6.

Жеке кәсіпкер
"Садаков Валерий Геннадьевич
"Мир школьника" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Кәрім Сүтішев көшесі, 49

7.

Жеке кәсіпкер
"Харнам Андрей Александрович"
"Спутник" сауда үйі

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Евней Бөкетов атындағы көшесі, 44

8.

Жеке кәсіпкер
"Стебаева Елена Александровна"
"Пять звезд" сауда үйі

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі, 164

9.

Жеке кәсіпкер
"Боев Вячеслав Леонидович"
"Рахмет" сауда үйі

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Кәрім Сүтішев көшесі, 58 "Б"

10.

Жеке кәсіпкер
"Ахметова С. С."
"Караван" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 246

11.

Жауапкершілігі шектеулі серектестігі
"Алтын Адал" сауда базары

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Астана көшесі, 30 "А"

12.

Жеке кәсіпкер
"Гладкий А. В."
"Орталық Базар" жаппалы әмбебап
сауда базары

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Саумалкөл ауылы
Янко көшесі, 40

13.

Жеке кәсіпкер
"Зайцева Г. А."
"Буратино" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Интернационал көшесі, 22

14.

Жеке кәсіпкер
"Белоножко В.А."
"Страна товаров" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Астана көшесі, 27

15.

Жеке кәсіпкер
"Бектемиров Амир Усманович"
"Рынок Дария"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Солтүстік Қазақстан облысы
Бостандық көшесі, 22 "А"


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады