"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурызы № 59 қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 227 қаулысы (2016 жылғы 21 шілде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 болып тіркелді).
2. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 228 қаулысы (2016 жылғы 25 шілде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3828 болып тіркелді).
3. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 304 қаулысы (2016 жылғы 22 қыркүйек "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3892 болып тіркелді).
4. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенттерiн бекiту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 75 қаулысы (2017 жылғы 27 наурыз Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4089 болып тіркелді).
5. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 32 қаулысы (2018 жылғы 27 ақпан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4571 болып тіркелді).
6. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 08 ақпандағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 163 қаулысы (2018 жылғы 04 шілде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4778 болып тіркелді).
7. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 17 қаулысы (2019 жылғы 07 ақпан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5219 болып тіркелді).
8. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 08 ақпандағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 03 мамырдағы № 123 қаулысы (2019 жылғы 14 мамыр Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5394 болып тіркелді).
9. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 206 қаулысы (2019 жылғы 12 тамыз Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5497 болып тіркелді).
10. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 227 "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 208 қаулысы (2019 жылғы 12 тамыз Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5500 болып тіркелді).
11. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 209 қаулысы (2019 жылғы 12 тамыз Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5504 болып тіркелді).
12. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 228 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 210 қаулысы (2019 жылғы 12 тамыз Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5503 болып тіркелді).