Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 "Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 131 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 мамырда № 6321 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, "Құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 "Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысына (2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттык-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3798 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамыры № 131 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Жылумен жабдықтау ұйымдарының атауы

Өлшем бірлігі

Жылу энергиясын тұтыну нормасы

1

Айыртау ауданы Саумакөл ауылы

"Саумалкөл жылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,03
(нөл бүтін жүзден үш)

2

Аққайың ауданы Смирново ауылы

"Сапро Нат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,034
(нөл бүтін мыңнан отыз төрт)

3

Есіл ауданы Явленка ауылы

"Қамқор Есіл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,024
(нөл бүтін мыңнан жиырма төрт)

4

Жамбыл ауданы Благовещенка ауылы Дачная көшесі, 7А үй

"Сапро Нат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,027
(нөл бүтін мыңнан жиырма жеті)

5

Жамбыл ауданы Пресновка ауылы

"Дания 2014" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,03
(нөл бүтін жүзден үш)

6

Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев мұнай айдайтын станция кенті

"Булаев су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,046
(нөл бүтін мыңнан қырық алты)

7

Қызылжар ауданы Петерфельд ауылы

"Қызылжар-ЖКХ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,042
(нөл бүтін мыңнан қырық екі)

8

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Нежинка ауылы

"Нежинка-Ерке" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,025
(нөл бүтін мыңнан жиырма бес)

9

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишимское ауылы

"Теплосервис-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,0374
(нөл бүтін он мыңнан үш жүз жетпіс төрт)

10

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишимское ауылы

Жеке кәсіпкер "Ертай-К"

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,0374
(нөл бүтін он мыңнан үш жүз жетпіс төрт)

11

Тайынша ауданы Тайынша қаласы

"Тайынша ЖылуСервисі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,043
(нөл бүтін мыңнан қырық үш)

12

Тайынша ауданы Тайынша қаласы

"ТайыншаКоммунСервисі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,043
(нөл бүтін мыңнан қырық үш)

13

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы

"Қызылту су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге

0,024
(нөл бүтін мыңнан жиырма төрт)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады