Аққайың ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 41-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 6526 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Аққайың ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы мәслихатының
      XLI сессиясының торағасы Т.Рамазанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы мәслихатының
      хатшысы С.Муканов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2020 жылғы 27 тамызы
  № 41-2 шешіміне
  қосымша

Аққайың ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      Осы Аққайың ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 28 сәуір 2017 жылы №15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 15 мамыр 2015 жылы №11064 тіркелген), бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспарда сәйкесті әкімшілік аумақтық бірліктің сәйкесті аумағында ауыл шаруашылық жануарларын жаю дәстүрі есепке алынған.

      Жоспар мазмұны:

      1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес;

      4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес;

      5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес;

      6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес;

      7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Аққайың ауданында 12 ауылдық округ, 32 ауылдық елді - мекендер бар.

      Аққайың ауданының жалпы көлемі 470708 га, оның ішінде жайылымдық жерлер-146093 га, оның ішінде жайылымдар: Астрахан ауылдық округінде - 6795 га; Аралағаш ауылдық округінде -25537 га; Власовка ауылдық округінде -3257 га; Григорьевка ауылдық округінде -17090 га; Ивановка ауылдық округінде -11319 га; Қиялы ауылдық округінде -11048 га; Лесной ауылдық округінде -15888 га; Полтавка ауылдық округінде -16900 га; Тоқшын ауылдық округінде -14737 га; Черкас ауылдық округінде -15441 га; Шағалалы ауылдық округінде -6431 га; Смирново ауылдық округінде -1650 га.

      Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер-358253 га;

      елді мекен жерлері-41761 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер -1695 га;

      қордағы жерлер-19927 га.

      Ауданның климаттық зонасы күртконтиненталды, қысы салыстырмалы салқын, жазы ыстық және құрғақ. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтар айында – -18,5;-18,7°С, шілде айында – +18,5;+18,7°С. Жауынның орташа түсімі- 42-58 мм, ал жылдық -204 мм.

      Ауданның өсімдік жамылғысы әртүрлі, шамамен қоса алғанда 115 түрлері. Олардың ішінде ең көп тараған түрі бидайлы және күрделі гүлділер шөптері.

      Ауданында топырақтар аймақтық орналасқан, солтүстік бөлігінде кәдімгі сазды қара топырақтар, ал оңтүстікте жеңіл құраммен көбірек оңтүстік қара топыраққа ауысады. Қара топырақтар арасында аймақаралық топырақтар жатады – сортаң кешені, сорлар және сортаң топырақтар. Ауданың қара топырақты 6-10% қарашірінді бар.

      Ауданда 11 мал дәрігерлік пункті, 1 сойыс пункті, 4 сойыс алаңы, 24 мал көмінділері, 23 сібір жарасы көмінділері бар.

      Қазіргі уақытта Аққайың ауданында мүйізді ірі қара мал 19340 бас, мүйізді ұсақ мал 20478 бас, 3323 бас жылқы, 9128 бас шошқа саналады.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Аққайың ауданы бойынша барлығы 100138 га жайылымдық алқаптары бар. Елді-мекен шегіндегі жайылымдары 31055 га жайылым саналады, қордағы жерлерде 8920 га жайылымдық алқаптар бар.

      Аққайың ауданы жайылымдарының ауданы ауыл шаруашылық малдардың басын толық қамтамасыз етеді. Шалғайдағы мал шаруашылығы үшін пайдаланылатын шалғайдағы жайылымдар жоқ. Сондықтан мал айдау үшін сервитуттарының қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ аудан аумағында аридті жайылымдар жоқ.

      Ескерту: аббревиатураның шешуі:

      °С – Цельсия көрсеткіші;

      га-гектар;

      мм-миллиметр;

      а/о-ауылдық округ.

  Аққайың ауданы бойынша
  2020-2021 жылдарға арналған
  жайылымдарды басқару және
  оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
  1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

     


  Аққайың ауданы бойынша
  2020-2021 жылдарға арналған
  жайылымдарды басқару және
  оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
  2-қосымша

Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

     


  Аққайың ауданы бойынша
  2020-2021 жылдарға арналған
  айылымдарды басқару және
  оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
  3-қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

     


  Аққайың ауданы бойынша
  2020-2021 жылдарға арналған
  жайылымдарды басқару және
  оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
  4-қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы ұдықтарға) қол жеткізу схемасы

     


  Аққайың ауданы бойынша
  2020-2021 жылдарға арналған
  жайылымдарды басқару және
  оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
  5-қосымша

Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

     


  Аққайың ауданы бойынша
  2020-2021 жылдарға арналған
  жайылымдарды басқару және
  оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
  6-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Ауылдық округінің атауы

танаптардың нөмірлері

I

II

III

IV

1

Аралағаш

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

демалатын танап

2

Астрахан

демалатын танап

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

3

Власовка

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

демалатын танап

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

4

Григорьевка

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

демалатын танап

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау

5

Ивановка

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

демалатын танап

6

Қиялы

демалатын танап

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

7

Лесной

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

демалатын танап

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

8

Полтавка

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

демалатын танап

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау

9

Смирново

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

демалатын танап

10

Тоқшын

демалатын танап

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

11

Черкас

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

демалатын танап

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

12

Шағалалы

25 маусымнан бастап
24 тамызға дейін бір реттік таптау

25 тамыздан бастап
22 қазанға дейін бір реттік таптау

демалатын танап

25 сәуірден бастап
24 маусымға дейін бір реттік таптау


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады