Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24/5 "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округінің Бескөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелердің және көппәтерлі үйлердің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 54/14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 маусымда № 6389 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округінің Бескөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелердің және көппәтерлі үйлердің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 ақпандағы №24/5 шешімнің ( 2014 жылы 11 сәуірде "Қызылжар", "Маяк" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2654 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
С.Мануйлова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А.Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады