Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 13/1 "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 60/8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 6876 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 27.12.2023 № 8/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы №13/1 "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (2017 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4184 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      3-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. "5. Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы "2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";

      11- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік көмек азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1) – 13), 21), 22) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.";

      14- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "14. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 16) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде, бір рет көрсетіледі.";

      17-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "17. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 3-қосымшасы 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.";

      18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "18. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, Қазақстан Республикасының аумағында темір жол (плацкарт вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге жолақы құны мөлшерінде бір рет көрсетіледі."

      19-тармақ алып тасталсын;

      21, 22- тармақтары келесі редакцияда жазылсын:

      "21. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      22. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";

      31-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.";

      32-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "32. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.";

      1-қосымша осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      2-қосымша осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      3-қосымша осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      4-қосымша алып тасталсын;

      5-қосымша осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтістүк Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Е. Габдулин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
хатшысы
А. Молдахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының

      әкімі

      ____________________ Қ. Ақсақалов

      2020 жылғы "____" _________

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 60/8 шешіміне
  1 қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар ауданында әлеуметтік
  көмек көрсету, оның мөлшерлерін
  белгілеу және мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарының тізбесін
  айқындау қағидаларына
  1-қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

р/с №

Атаулы күндер мен мереке күндерінің және әлеуметтік көмекті алушылар санаттарының атауы

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері (айлық есептік көрсеткіштері)

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

1

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

2

Басқа елдерде майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлер.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

4

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлер.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

5

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда); оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер; Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатасқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына
1 рет –
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

6

1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

7

Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

8

Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

9

Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

1

"Алтын алқа", "Күміс алқа", I, II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналар.

Жылына
1 рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіштері

2

Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар.

Жылына 1 рет –
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні"

1

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық септік көрсеткіштері

2

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

4

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

5

1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

7 мамыр – Отан қорғаушы күні

1

Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары.

Жылына
1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары.

Жылына
1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

9 мамыр – Жеңіс күні

1

Қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Жылына 1 рет –
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

2

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар.

Жылына 1 рет –
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар.

Жылына 1 рет –
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

4

Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары.

Жылына 1 рет –
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

5

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы).

Жылына 1 рет –
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

7

Майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

8

Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

9

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар.

Жылына 1 рет –
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

10

Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар.

Жылына 1 рет –
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасылары.

Жылына 1 рет –
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

12

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері. 

Жылына 1 рет – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштері

13

1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде дейінгі кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдар.

Жылына 1 рет –
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолдану нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары.

Жылына
1 рет – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіштері

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Iшкi iстер халық комиссариаты-Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi-Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

4

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар.

Жылына
1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

1

Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) "Құрметті азаматтары".

Жылына
1 рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіштері

2

Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері.

Жылына
1 рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіштері

3

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар.

Жылына
1 рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіштері

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 60/8 шешіміне
  2-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар ауданының әлеуметтік
  көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
  белгілеудің және мұқтажазаматтардың
  жекелеген санаттарының
  тізбесін айқындаудың қағидаларына
  2-қосымша

Алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

Әлеуметтік көмек алушылар санаттары

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру

100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш, біржолғы

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 60/8 шешіміне
  3-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар ауданының әлеуметтік
  көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
  белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарының тізбесін
  айқындаудың қағидаларына
  3-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетімдік;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

      4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездік пен қарау;

      10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      12) пробация қызметінің есебінде болу;

      13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;

      14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      15) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 4, 5, 6-баптарында және 7-бабының 3) тармақшасында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерінің, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы; (бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа) тіс протездеуге мұқтаждығы;

      16) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 4, 5, 6-баптарында және 7-бабының 3) тармақшасында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерінің, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде ( профилакторийлерінде) санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      17) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 4-бабында көрсетілген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға шығындарды өтеуге мұқтаждығы;

      18) белсендi туберкулезбен ауыратын, "Қызылжар аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – "Қызылжар аудандық ауруханасы") диспансерлiк есепте тұрған және амбулаторлық емделудегі адамдардың (өтініш пен құжаттарды талап етусіз, Қызылжар аудандық ауруханасының тізімі бойынша) мұқтаждығы;

      19) адамның иммунитет тапшылығы вирусы бар балалардың емделуге мұқтаждығы;

      20) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерінің, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдардың, сондай-ақ, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендердің, жалпы аурудан 1, 2, 3-топ мүгедектерінің, мүгедек балалардың және мүгедек балаларды алып жүретіндер азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында, жол жүру құжатын көрсете отыра, теміржол (плацкартты вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігімен (таксиден басқа) жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;

      21) 3-4 сатыдағы онкологиялық дертке шалдыққан адамдарға, сатысын есепке алмағанда 18 жасқа толмаған адамдарға, денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсыну бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығы;

      22) Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы толық емес отбасылардың көмек көрсетуге мұқтаждығы.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 60/8 шешіміне
  4-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар ауданының әлеуметтік
  көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
  белгілеудің және мұқтаж
  азаматтардың жекелеген
  санаттарының тізбесін
  айқындаудың қағидаларына
  5-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20 жылғы "____"___________________________________________________________ (елді мекен) 1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________ ___________________________________________________________________________ 2.Тұратын мекенжайы __________________________________________ ____________________________________________________________________________ 3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай _____________________________________________________________________. 4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)___________________________________________________________________________

      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):

      _____________________________________________________________________________.

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:_____________________________________

      ____________________________________________________________________________.

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6







      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________.қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ 7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ 8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы,көзі):_________________________________ ________________________________________________________________________________ 9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқкиіммен қамтамасыз етілуі: ________________________________________________________________________________ 10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: ________________________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: __________________________ ________________________________________________ Комиссия мүшелері: __________________________ ____________________________________ ___________ __________________________ ________________________________________________ __________________________ ________________________________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты) Жасалған актімен таныстым: _______________________________ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ___________________________ ______________________________________________________ Тексеру жүргізілуден бастартқан _______________________________________________ Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _____________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады) Күні _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады