Атырау облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бірлескен қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 412-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 қаңтарда № 4582 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) және 3) тармақшаларына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Атырау қаласының және Махамбет ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс ХХХІХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы ауылдық округінің жер қорынан жалпы ауданы 13665 гектар жер учаскесін қосу арқылы Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.

      2. Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округіне жер қорынан жалпы ауданы 13665 гектар жер учаскесін беру арқылы Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.

      3. Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы ауылдық округін Алмалы және Береке ауылдарымен бірге Атырау облысы Махамбет ауданының құрамынан шығарып, Атырау облысы Атырау қаласының құрамына енгізу жолымен бағыныстылығы өзгертілсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысы әкімінің
міндетін атқарушы
С. Шапкенов
      Сессия төрағасы Е. Ихсанов
      Мәслихат хатшысы У. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады