Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 265 "Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 89 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 маусымда № 4658 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 және 37-баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 265 "Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4534 болып тіркелген, 2019 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

      1) 2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Осы Қағидалар "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) сәйкес әзірленеді.";

      2) 3-тармақта:

      "6) және 7) тармақшалар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "6) мамандандырылған ұйымдар – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын ұйымдар;

      7) сатып алу интервенциялары – облыстың аумағында бағалар төмендеген кезде және/немесе Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде мамандандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралары;";

      келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі;";

      3) 10-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін жұмыс органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.";

      4) келесі мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "10-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.

      Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.

      10-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымның үстеме шығыстары азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағаларының айырмасы есебінен жабылады.";

      5) 12-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "12. Жұмыс органы ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы мен сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.";

      6) 18-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "18. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес облыстың мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру есебімен қалыптастырылады.";

      7) 21-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "21. Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибюторлардан) сатып алынады.";

      8) 27-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "27. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет болатын баға деңгейінің көтерілуі жағдайында, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.";

      9) 33 және 34-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "33. Жұмыс органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.

      10) 34. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме сауда бағаларын белгілеуі жолымен қамтамасыз етіледі.";

      11) 36-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "36. Кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (өлшемшарттар):

      азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қажетті қоймамен жабдықталған, техникалық талаптарға жауап беретін, облыс аумағында қалыптасқан қазіргі заманғы сауда желілерімен және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындау мүмкіндігімен жабдықталған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бөлшек сауданы жүзеге асыратын және меншігінде не жалға алу құқығында сауда нысандары бар сауда ұйымдары (сауда желілері, сауда үйлері, гипермаркеттер, супермаркеттер), сондай-ақ жеміс-көкөніс өнімдерінің тауар өндірушілері, тауарларды көтерме жеткізушілер, наубайханалар және ет өндірушілер;

      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер алдында мерзімі өткен берешектің болмауы;

      атаулары "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінде көзделген тауарларды өткізу;"

      кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты оңалту және (немесе) банкроттық рәсімі қолданылмауы керек.";

      12) 38-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "38. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі және/немесе корпоративтік кепілдендіру. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.";

      13) 40-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "40. Жұмыс органы бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражат қаржыландыру көзі болып табылады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады