Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ "Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 467-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 4719 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 14-1 бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XLVI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ "Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелген, 2019 жылы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Абдолов) жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Габдуллин
      Мәслихат хатшысы У. Зинуллин

  Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамызы № 467-VI шешіміне қосымша
  Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ шешіміне қосымша

Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

      1. Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін тұрғын үй сертификаттарын әлеуметтік көмек (қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде беріледі) немесе әлеуметтік қолдау (ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік кредит түрінде беріледі) ретінде бастапқы жарнаның сомасы 99% мөлшерінде ұсынады.

      Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір) миллион теңгеден аспауы тиіс.

      3. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттары:

      1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

      2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      3) толық емес отбасылар;

      4) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы және өзге де басым салалардағы қажетті мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады