Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 307 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 505 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 шілдеде № 4699 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 307 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" (әрі қарай - Шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3390 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімінің кіріспе бөліктегі (кіріспедегі) "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11342 санымен тіркелді)" деген сөздер алынып тасталсын.

      2) 2-тармақтың 2)-тармақшасындағы:

      "Атырау облыстық білім беру басқармасы" деген сөздер, "Қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "№1 Атырау қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау қалалық мәслихатының әлеуметтік, құқық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі салалары бойынша тұрақты комиссиясына (С. Рахимова) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      LX cессия төрағасы Н. Құрман
      Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы А. Зайдуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады