Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 14 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 тамызда № 4707 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 01 маусымдағы № 15-10/65 хаты негізінде, Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4618 болып тіркелген, 2020 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкиізтоғай ауылдық
округі әкімі
Д. Тилеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады