"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Махамбет ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы" Махамбет аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 70 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4383 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы сөздер мен схемалар алынып тасталсын: "Махамбет аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алмалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларды тасымалдайтын автобус маршруты".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Е. Аманшиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 28 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Махамбет ауданының әкімі | Ж. Ахметов |