"Исатай ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" аудан әкімінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 51 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашада № 4787 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 01.04.2024 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33, 37 баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Исатай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Исатай ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" аудан әкімінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 23 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:

      1) №132 сайлау учаскесіндегі "24" сандары "85" сандарына ауыстырылсын;

      2) №135 сайлау учаскесінің мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылдық округі, Жанбай ауылы, көшесі Тайыр Нысанов, ғимарат 75, "Жанбай ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      Телефон: 8/71231/25-5-04

      Шекаралары: Егемен Қазақстан, Т.Нысанов, М.Нұрмұханов, М.Есқалиев, Х.Нәубетов, Мектеп, Амангелді, Қазақ ауыл, Қызылбас, З.Құрасұлы, А.Аюпов, Жұмалиев, Нарын, С.Сейфуллин, Б.Момышұлы, Жаңаталап, Исатай, Мыңтөбе, Қызтуған көшелеріндегі үйлер.

      3) №140 сайлау учаскесінің мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Өркен ауылы, Жалтыр көшесі, ғимарат 82, "Жалпы білім беретін Өркен орта мектебі" мемлекеттік мекемесі; Телефон 8/71231/29-1-00

      Шекаралары: Өркен, Қаратүбек елді мекендері: Жалтыр, Қазына, Болашақ, Бірлік, Ә.Ерекенов, Қаратүбек, Достық, Ш.Хұсынов, Қ.Меңдіғалиев, 1-көше, 2-көше, 3-көше, 4-көшелеріндегі үйлер.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Исатай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Р.Муканов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мурзиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады