"Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақат ауданы мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 333-V "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 3381 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" газетінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің кіріспе бөліктегі (кіріспедегі) "және Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 санымен тіркелді)" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 2-тармақтың:
1) тармақшасындағы орыс тілдегі мәтінде "одному из родителей" деген сөздер "родителям" деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
2) тармақшасындағы "Атырау облыстық білім беру басқармасы" деген сөздер "Атырау облысы Білім беру басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Қабдолов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысының уақытша міндетін атқарушы |
Ж. Тажибаев |