Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 52/363-VІ "Арыс қаласы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54/382-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 16 қазанда № 5844 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 6/38-VІІІ шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 21.07.2023 № 6/38-VІІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 52/363-VІ "Арыс қаласы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5709 тіркелген және 2020 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Арыс қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 4-тармағының 18-тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

      2. "Арыс қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қалалық мәслихат аппаратының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Г. Жанбыров
      Арыс қалалық маслихат хатшысы А. Байтанаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады