Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140 бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Базарқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Р. Аюпов |
Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 147 қаулысына қосымша |
Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
1. Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.
2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорынның дамуына жұмсалады.