"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына, бірлескен Түркістан облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 221 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 шілдедегі № 28/309-VI шешіміне сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласы әкімдігінің "Түркістан қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" 2017 жылғы 10 тамыздағы № 1328 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 31 тамызда № 4203 тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде және 2017 жылғы 15 қыркүйекте "Түркістан" газетінде № 37 (9377) жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Түркістан қаласы әкімдігінің "Бизнесті қолдау және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Р. Аюпов |