Түркістан облысы Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Түркістан облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 221 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 шілдедегі № 28/309-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 тамызда № 4707 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Кентау қаласы аумағына Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа - Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің және Ащысай ауылы аумағының айналасында орналасқан жерлерді қоса алғанда жалпы көлемі 721745,0 гектар жерлерін Кентау қаласына қосу жолымен Түркістан және Кентау қалаларының шекаралары өзгертілсін.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихаты шешімі оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б.Мұсабеков
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев
      Ә.Е.Тұргымбеков
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      Т.Қ.Сәрсембаев
      Е.Қ.Тасжүреков
      А.С.Сәбитов
      А.Б.Тасыбаев

  Бірлескен Түркістан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
27 шілдедегі № 221 қаулысына
және Түркістан областық
мәслихатының 2018 жылғы
27 шілдедегі № 28/309-VI
шешіміне қосымша

Кентау қаласының шекараларына қосылатын Түркістан облысы Түркістан қаласының жерлері бөлігінің экспликациясы

Қаланың атауы

Кентау қаласының шекарасына қосылатын жерлердің алаңы (гектар)

Соның ішінде:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері, (гектар)

Елді мекендер жерлері
(гектар)

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер (гектар)

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (гектар)

Орман қорының жері (гектар)

Су қорының жері (гектар)

Босалқы жерлер (гектар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Түркістан қаласының ауыл округтерінің жерлері

721 745,0

364 918

57 827

4920

39 424

66 145

2 429

186 082

Жердің жиыны:

721 745,0

364 918

57 827

4920

39 424

66 145

2 429

186 082


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады