Түркістан қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 10 тамыздағы № 1328 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 31 тамызда № 4203 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 1190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 03.09.2020 № 1190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2-тармағына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Қ. Мұсаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Өсербаев

  Түркістан қаласы
әкімдігінің 2017 жылғы
10 тамыздағы № 1328
қаулысына қосымша

Түркістан қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Орналасқан жері

Түркістан қаласы

1

Шойынбет би көшесі, "Каспий" моншасының жаны

2

Сандыбай және Қазақбаев көшелерінің қиылысы

3

Төле би және Абылайхан көшелерінің қиылысы

4

Төле би және А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысы

Ескі Иқан ауылдық округі

1.

Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізі, 128 шақырым

Шаға ауылдық округі

1.

Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізі, P-29 лоток жаны

Қарашық ауылдық округі

1.

Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізі, "Қарашық" зияратына қарама – қарсы

Шорнақ ауылдық округі

1.

Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізі, 175 шақырым


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады