Түркістан қаласы әкімдігінің "Түркістан қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" 2017 жылғы 10 тамыздағы № 1328 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 1190 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 3 қыркүйекте № 5773 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына, бірлескен Түркістан облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 221 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 шілдедегі № 28/309-VI шешіміне сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан қаласы әкімдігінің "Түркістан қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" 2017 жылғы 10 тамыздағы № 1328 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 31 тамызда № 4203 тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде және 2017 жылғы 15 қыркүйекте "Түркістан" газетінде № 37 (9377) жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Түркістан қаласы әкімдігінің "Бизнесті қолдау және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Р. Аюпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады