Бәйдібек ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2021 жылға квоталар белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 468 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 21 желтоқсанда № 5960 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, 27-бабының 1 тармағы 2), 3) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.

      4. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 80 "Бәйдібек ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 болып тіркелген, 2020 жылғы 22 сәуірде "Шаян" газетінде және 2020 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) осы қаулының Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиевке жүктелсін.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Шәріпбеков

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
"20" желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 468 қаулысына № 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

158

0,65

1

2

"Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Бәйдібек ауданының ветеринарлық қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

137

0,75

1

3

"Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

195

0,55

1

4

"Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Садық Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

195

0,55

1

5

"Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы IT-мектеп-лицейі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

129

0,80

1

 
  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
"20" желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 468 қаулысына № 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Бәйдібек ауданының ветеринарлық қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

137

0.75

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады