Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 7 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 ақпанда № 5419 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қазығұр ауданы Қақпақ ауылы округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қақпақ ауылы округі, Қақпақ ауылындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Заңғар ауылындағы нөмірленген № 1 көшесіне – Ақниет атауы;

      2) Қақпақ ауылындағы атауы жоқ көшеге - Мұрагер атауы;

      3) Қақпақ ауылындағы атауы жоқ көшеге - Ерлік атауы;

      4) Қақпақ ауылындағы атауы жоқ көшеге – Мәдениет атауы;

      5) Қақпақ ауылындағы атауы жоқ көшеге – Көкжиек атауы;

      6) Қақпақ ауылындағы атауы жоқ көшеге - Ізгілік атауы;

      7) Қақпақ ауылындағы атауы жоқ көшеге - Мереке атауы ;

      8) Қақпақ ауылындағы атауы жоқ көшеге - Шаттық атауы;

      9) Қақпақ ауылындағы атауы жоқ көшеге – Кәусарбұлақ атауы;

      2. "Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қақпақ ауылы округі
      әкімінің міндетін атқарушы М. Заитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады