Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылы округі әкімінің 26.05.2020 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 108 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Тексеруге өткізілген Қақпақ ауылы округі Сырлысай елді мекені Көктем көшесі № 9 үйдің тұрғыны Г.Усарованың жеке иелігіндегі бір бас итінің бас миының сынамасынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қақпақ ауыл округі, Сырлысай елді мекені Көктем көшесінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қақпақ ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ауыл округі әкімі | М. Заитов |