Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуіріндегі № 184 қаулысы мен Мақтаарал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуіріндегі № 64-398-VI "Мақтаарал ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5596 тіркелген, 2020 жылғы 05 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) бірлескен қаулысымен шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген Мақтаарал ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы бірлескен қаулы мен шешімінің 1 тармағының 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді:
1. Мақтаарал аудандық жер қатынастары бөлімі және аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес шекаралары өзгертілсін:
"28) 46,60 гектар жер учаскесі елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Иіржар ауылдық округі Дихан елді мекенінің жалпы ауданы 262,39 гектар;"
2. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтаарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Асанов |
Мақтаарал аудандық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Б. Шампиев |
Мақтаарал аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Сарсекбаев |