Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті әкiмiнiң 30.03.2020 205 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін уақытша атқарушының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 02-03/5 санды ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Т.Кемеловтың иелігіндегі иттің (4 айлық күшік) ми сынамасынан вирусологиялық зерттеу нәтижесінде құтыру ауруына "оң нәтиже" анықталғанына байланысты Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті, Шапағат көшесі № 24/1 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Мақтаарал ауданының "Мырзакент кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мырзакент кенті әкімі | М. Бейсенбаев |