Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы Шілік ауылдық округі әкiмiнiң 2020 жылғы 27 ақпандағы № 7 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 28 ақпанда № 5453 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Отырар ауданы Шілік ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шілік ауыл округіндегі Ескі Шілік елді мекеніндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Ескі Шілік елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Бейбітшілік атауы;

      2) Ескі Шілік елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Жеңіс атауы;

      3) Ескі Шілік елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Арыстанбаб атауы;

      4) Ескі Шілік елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Ардагерлер атауы;

      5) Ескі Шілік елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Бірлік атауы;

      6) Ескі Шілік елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Қожа Ахмет Йассауи атауы;

      2. "Шілік ауыл округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шілік ауыл округі
      әкімінің міндетін атқарушы Б. Орынбасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады