Сайрам ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 52-316/VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 1 сәуірде № 5533 болып тiркелдi

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 20.10.2020 № 58-360/VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" қағидаларының 4-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген және аудан әкімінің мәлiмдемесiне сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сайрам ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 20.10.2020 № 58-360/VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Ахматниязов
      Мәслихат хатшысы Ж. Мұсаханұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады