Қарамұрт ауылдық округі Қарамұрт ауылының Ф.Оринбаев көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 147 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 шілдеде № 5679 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 208 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 01.10.2020 № 208 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 02-05/216 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарамұрт ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты, Қарамұрт ауылдық округі Қарамұрт ауылының Ф.Оринбаев көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 3 маусым 2020 жылғы № 122 "Қарамұрт ауылдық округі Қарамұрт ауылының Ф.Оринбаев көшесіндегі № 13 үй ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5641 тіркелген, 2020 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сайрам ауданының Қарамұрт ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарамұрт ауылдық округінің әкімі М. Нажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады