"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 тамыздағы қорытындысы негізінде Көлкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көлкент ауылдық округінің М.Оразалиев елді мекеніндегі Гаражная көшесі Мұзтау көшесі деп қайта аталсын.
2. Көлкент ауылдық округінің елді мекендерінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Ханқорған елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Көкжиек атауы;
2) Қосбұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Аққұдық атауы.
3. "Сайрам ауданының Көлкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлкент ауылдық округінің әкімі | М. Шадиев |