Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 12 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 ақпанда № 5421 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Дербісек ауылдық округінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Дербісек елді мекеніндегі атауы жоқ № 1 көшеге – "Өркениет" атауы;

      2) Дербісек елді мекеніндегі атауы жоқ № 4 көшеге - "Шаттық" атауы;

      3) Дербісек елді мекеніндегі атауы жоқ № 5 көшеге - "Жеңіс" атауы;

      4) Дербісек елді мекеніндегі атауы жоқ № 6 көшеге - "Ақниет" атауы;

      5) Дербісек елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - "Бәйтерек" атауы;

      6) Дербісек елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - "Шапағат" атауы;

      7) Дербісек елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - "Жаңажол" атауы.

      2. "Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Дербісек ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Абдисаматовқа қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Дербісек ауылдық округ әкімі Е. Есенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады