Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 11 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 5477 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарты төбе ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Құрама елді мекеніндегі атауы жоқ № 1 көшеге - Атамұра атауы;

      2) Құрама елді мекеніндегі атауы жоқ № 2 көшеге - Тәуелсіздік атауы;

      3) Құрама елді мекеніндегі атауы жоқ № 3 көшеге - Шамшырақ атауы;

      4) Құрама елді мекеніндегі атауы жоқ № 4 көшеге - Шапағат атауы.

      2. "Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жарты төбе ауылдық округ әкімінің орынбасары М.Турмановқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарты төбе
      ауылдық округінің әкімі А. Аширов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады