Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 417 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 5939 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 6 қарашадағы № 706 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 06.11.2023 № 706 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Төлеби ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 151 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5628 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төлеби ауданының әкім Б. Омарбеков

  Төлеби ауданы
әкімдігінің 2020 жылғы
9 желтоқсандағы № 417
қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Төлеби ауданы бойынша ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1

Төлеби аудандық білім бөлімінің "№ 1 мектеп-гимназия " КММ

92

2

1

2

Төлеби аудандық білім бөлімінің "№ 4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

69

2

1

3

Төлеби аудандық білім бөлімінің "№ 3 П.Тәжібаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

90

2

1

4

Төлеби аудандық білім бөлімінің "Төлеби жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

83

2

1

5

Төлеби аудандық білім бөлімінің "Сұлтан рабат жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

92

2

1

6

Төлеби аудандық білім бөлімінің "Алатау жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

95

2

1

7

Төлеби аудандық білім бөлімінің "Ақбастау жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

50

2

1

8

Төлеби аудандық білім бөлімінің "Қ.Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

75

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады