Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 211 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектеріболып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5055 тіркелген, 2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Турашбеков |
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 105 қаулысына 1-қосымша |
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскер- лердің тізімдік санынан) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "КАС-бетон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 233 | 1 | 2 |
2. | "Түлкібас Жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 1 | 1 |
3. | "Ауыл құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 4 | 4 |
Барлығы: | 403 | 7 |
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 105 қаулысына 2-қосымша |
2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердіңтізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердіңтізімдік санынан) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарыныңсаны |
1. | "Ауыл құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 2 | 2 |
2. | "Түлкібас Жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 1 | 1 |
3. | "КАС-бетон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 233 | 1 | 2 |
Барлығы: | 403 | 5 |
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 105 қаулысына 3-қосымша |
2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Ақсу-Жабағылы оңалту сауықтыру кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 150 | 1 | 1 |
2. | "КАС-бетон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 233 | 1 | 2 |
Барлығы: | 383 | 3 |