2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 314 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 5999 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік салалар бойынша орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Байғұт

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 314 қаулысына қосымша

2021 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымының атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

116

3

4

2

"Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

3

3

3

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Ақ-бұлақ" облыстық балалар оңалту орталығы" шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорны

205

3

6


Барлығы:

426


13


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады