"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңа ауыл ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Ынтымақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Шойын атауы;
2) Мырзашөл елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге-Ырысты атауы;
3) Жаңа ауыл елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Ақдала атауы;
4) Жаңа ауыл елді мекені атауы жоқ көшеге - Назқоңыр атауы;
5) Атақоңыс елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Байшұбар атауы;
6) Әбдіхалық елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Рауан атауы;
2. "Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі | Н. Бахтияров |