Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 17 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 6723 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.01.2021 № 4 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 5-бабына, 18-бабының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 "Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 10992 болып тіркелген), тарихи-мәдени мұра нысандарын жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде нөмірі 2484 болып тіркелген, 2008 жылғы 19 маусымдағы № 80-81 (15990) "Дидар", 2008 жылғы 19 маусымдағы № 92-93 (18526) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:

      осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын;

      мемлекеттік тілдегі 244, 262, 267, 284, 451, 516 тармақтары, орыс тіліндегі 245, 263, 268, 285, 452, 516 тармақтары алынып тасталсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. осы қаулының оның орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы әкімі
2020 жылғы 30 қаңтары № 17
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
20__ жылғы "__"_______
№___ қаулысына қосымша

Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің
түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

1

2

3

4

 
Зырян ауданы

1

Обухов коммунасының мұшесі
Я.И. Никольниковтың бейіті
1921 жыл

қала құрылысы және сәулет

Малеевск кентінен 7,8 км, кент пен Богатырево ауылы арасында

 
Катонқарағай ауданы

2

Кеңес үкіметі үшін күрескен-дердің бауырластық бейіті 1920-1930 жылдар

қала құрылысы
және сәулет

Катонқарағай ауылы, орталық алаң, ауылдық әкімшілік ғимаратына қарама-қарсы

3

Кеңес үкіметі үшін күрескен-дерді атқан жердегі мемориал-дық тақта 1918 жыл

қала құрылысы
және сәулет

Солоновка ауылынан оңтүстік-шығысқа 2,5 км Малонарымка өзенінің сол жағасы

 
Көкпекті ауданы

4

Кеңес Одағының батыры К. Аухадиевтің бюсті датасы анықталмаған

қала құрылысы және сәулет

Үлкен Бөкен ауылы, № 26 кәсіптік техникалық училищеге жақын саябақта

 
Семей қаласы

5

Орталық телеграф ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет

Найманбаев көшесі, 116

 
Ұлан ауданы

6

Ауылдық клуб ғимараты, ХХ ғасырдың 50 жылдары

қала құрылысы және сәулет

Екатериновка ауылы, ауыл орталығында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады