Семей қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 2039 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қарашада № 7903 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529 - бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабының 2) тармақшасына, "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Семей қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Семей қаласында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бюджетті қалыптастыру және орындау, несие және кеден саясаты, банк мекемелері, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, байланыс, туризм және сауда, еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспекция мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Е. Салимов

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республиксы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Шығыс
Қазақстан облысы бойынша
мемлекеттік кірістер
департаментінің Семей қаласы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы Қ. Мұхаметқалиев

  Семей қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 25 қарашасы
№ 2039
қаулысына қосымша

Семей қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймаққа бөлу коэффициенттері

 Р/с
№  

Учаскенің аумағы

Пәтерлердің
салық салынатын
құнын
есептеу
үшін
аймаққа
бөлу
коэффициенті

Жеке
тұрғын
үйлердің
салық салынатын
құнын
есептеу
үшін
аймаққа
бөлу
коэффициенті

Саяжайлардың
салық
салынатын
құнын
есептеу
үшін
аймаққа
бөлу
коэффициенті

Гараждардың
салық
салынатын
құнын есептеу
үшін аймаққа
бөлу
коэффициенті

1.

№ 1 аймақ: Контрольный кенті № 32 үйдің бойымен Павлодар тас жолына бұрылыс, орман бойымен солға бұрылыс, Контрольный кентінің № 87 Б үйінің бойымен қалаға қарай оңға бұрылыс, Павлодар тас жолының бойымен қалаға қарай, Подхозная көшесі, 24-үйге дейін Арычная көшесіне бұрылыс, Подхозная көшесімен Подхозная көшесі, 17- үйге дейін, Подхозный тұйық көшесімен Ертіс өзенінің жағасына дейін, Ертіс өзенінің жағасы бойымен бұрынғы "көрмеге" дейін (ішінара өтеді), 14 Загородная көшесі, 57 А, 59, 61, 67-үйлер бойынша өтеді, әрі қарай 14 Загородная 1 жол үсті көшесі, Проточная көшесінің бойымен Академик Сәтпаев көшесі, 203 бойындағы өндірістік база арқылы өтеді, Академик Сәтпаев көшесімен жоғары Контрольный кентіне дейін

1,4

1,3

0,75

0,75

2.

№ 2 аймақ: Ертіс өзенінің жағасынан бастап, "Строитель" шипажайы ауданында "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты бойынша, Контрольный кентінің № 22 үйіне дейін Контрольный кентіне бұрылыс, Академик Сәтпаев көшесімен Академик Сәтпаев көшесі, 203 бойындағы өндірістік базаға дейін, Проточная көшесінің бойымен, 14 Загородная 1 жол үсті көшесімен, 14 Загородная көшесі, 57 А, 59, 61, 67 бойымен бұрынғы "көрмеге" дейін, Ертіс өзенінің жағасы бойымен "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты бойынша

1,05

1,05

0,85

0,85

3.

№ 3 аймақ: Ертіс өзенінің жағасы Подхозный тұйық көшесінің бойымен № 15 үйге дейін, Подхозная көшесінің бойымен № 22 үйге дейін, Арычная көшесінің бойымен № 7 үйге дейін, Арычная көшесі мен Кожкомбинат көшесінің бойымен, Огородная, Транспортная, Волочаевская, Трудовая, Профсоюзная көшелерін қиып өтеді, Академик Сәтпаев көшесі, 156 - ға дейін, Академик Сәтпаев көшесінің бойымен Шлеев көшесіне дейін Тәтімов көшесінің қиылысы, әрі қарай 2 Водная көшесімен Водная көшесі, 2 Б - ға дейін, әрі қарай Матросский тұйық көшесімен Краевая көшесі, 57- ге дейін, әрі қарай Ертіс өзенінің жағасымен Академик Сәтпаев көшесінің бойымен

1,4

1,3

0,75

0,75

4.

№ 4 аймақ: Арычная көшесінен бастап, № 11 үй ауданында, Павлодар тас жолына дейін жоғары, Павлодар тас жолының бойымен (қалаға қарай бағытта), "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына бұрылыс, "Силикат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы, Қарағайлы шағын ауданының бойымен, Жангильдин көшесімен, Амбулаторный тұйық көшесі және Огородная көшесінің бойымен "Семей Водоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының учаскесімен, Кожкомбинат көшесі және Арычная көшесімен

1,35

1,25

0,75

0,75

5.

№ 5 аймақ: Абай көшесі Радищев көшесіндегі зират бойымен, зират бойымен "Семей АТП-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаскесімен Ш. Уәлиханов көшесінің жағынан "Восток-200" гараждық кооперативі бойынша, Ш. Уәлиханов көшесі, 1 В үйдің бұрышына дейін, Ж. Қойшыбаев көшесімен Терешкова көшесінің бойымен Терешкова көшесі, 6 бойындағы "Алау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының бұрышына дейін, теміржол бойымен, Аюченко көшесіне бұрылыс, Жомартбаев, Железняков, Целинная, Көшімбаев, Декоративная көшелерінің қиылысы, Аюченко көшесімен Абай көшесіндегі автобазарға дейін

1,4

1,3

0,75

0,75

6.

№ 6 аймақ: Краевая көшесі, 57-ден бастап, Матросский тұйық көшесімен, Водная көшесі, 2 Б-ға дейін, 2 Водная көшесімен Шлеев көшесіне дейін, Тәтімов көшесінің қиылысына дейін, Академик Сәтпаев көшесімен № 156 үйге дейін, Профсоюзная, Трудовая, Волочаевская, Транспортная, Огородная көшелерін қиып өтіп, "Семей Водоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының учаскесіне дейін, Огородная көшесі мен Амбулаторный тұйық көшесі бойымен Жангильдин көшесіне дейін, Силикатный кенті арқылы, Шугаев көшесіндегі гараждық кооперативті қамти отырып, Ключевая көшесіндегі № 8 үйдің бұрышына дейін, әрі қарай теміржолмен Дачная көшесі, 1 А бойындағы "Семей құю-механикалық зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаскесіне дейін, Ертіс өзенінің жағасымен Краевая көшесі, 57- ге дейін

1,5

1,4

0,85

0,85

7.

№ 7 аймақ: Академик Сәтпаев көшесінен бастап, Ключевая көшесінің № 8 үйінің бұрышы, Ключевая көшесінің бойымен Шугаев тұйық көшесіне дейін, Шугаев көшесімен Силикатный кентіне дейін, Жангильдин көшесімен Жангильдин көшесі, 84 А бойындағы өндірістік базалар арқылы "Центральная" автожанармай құю станциясына дейін, Қарағайлы шағын ауданынан бастап, Северный Промузел арқылы "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына дейін, Красный кордон кенті арқылы Карьерный тұйық көшесі, әрі қарай Орманды тұйық көшесімен, 1 Орманды, 3 Орманды көшелерімен, Орманды көшесі, 32/1 бойындағы учаске арқылы Мичурин көшесі, 161 А үйге дейін, Мичурин көшесі, 161 Г-дан бастап, Мичурин көшесімен (қалаға қарай бағытта) Мичурин көшесі, 113/1- ге дейін, әрі қарай Қаржаубайұлы көшесімен Сеченов көшесінің қиылысына дейін, Сеченов көшесімен Жангильдин көшесінің қиылысына дейін, Жангильдин көшесімен Жангильдин көшесі, 103 бойындағы базаға дейін, әрі қарай Силин көшесімен Силин көшесінің № 4 үйінің бұрышына дейін, теміржол бойымен Құтжанов көшесі, 35-үйдің бұрышына дейін, "Юбилейный" гараждық кооперативі арқылы, Ключевая көшесінің № 8 үйінің бұрышына дейін

1,6

1,5

0,75

0,75

8.

№ 8 аймақ: теміржол көпірінен бастап жаңа Жағалауға дейін, Ертіс өзенінің жағасы бойымен Подгорная көшесі, 113 бойындағы өндірістік базаға қарай, әрі қарай теміржол бойымен Буксирная көшесіне қарай, теміржол бойымен Садовая көшесіне дейін, айналма жолмен теміржол бойымен Қаржаубайұлы көшесін қиып өтіп, Жамақаев көшесімен Жамақаев көшесі, 121- үйдің бұрышына дейін, теміржол бойымен Қабанбай батыр, Шугаев, Ш. Уәлиханов, Найманбаев, Дулатов, Гагарин көшелерін қиып өтіп, "Автомобилист" және "Автомобилист – 2" гараждық кооперативтері бойымен

1,4

1,3

0,85

0,85

9.

№ 9 аймақ: Пархоменко көшесі теміржол бойымен Қаржаубайұлы көшесіне қарай, Оборонная, Құтжанов, Дастенов көшелерін, Международный тұйық көшесін, Челюскинцев, Парашютная көшелерін қиып өтіп, Силин көшесінің № 2 үйінің бұрышына дейін, Силин көшесімен Жангильдин көшесі, 103 бойындағы өндірістік базаға дейін, Жангильдин көшесіне дейін, Жангильдин көшесімен Сеченов көшесінің қиылысына дейін, Сеченов көшесімен Қаржаубайұлы көшесінің қиылысына дейін, Қаржаубайұлы көшесімен Мичурин көшесі, 113/1 бойындағы учаскеге дейін, әрі қарай Мичурин көшесімен Мичурин көшесі, 140 А-ға дейін, Огородная, Зыряновская, Қарағайлы көшелері бойымен теміржолға дейін, теміржол бойымен Азат жол үсті көшесін қамти отырып, теміржол бойымен Сроственская көшесі, № 1 А үйдің бұрышына дейін, Байсалықов көшесімен К. Жанатайұлы көшесінің № 22/1 үйінің бұрышына дейін, К. Жанатайұлы көшесімен Бегалин көшесі, 6 А бұрышына дейін, Бегалин көшесімен Бегалин көшесі, 15 бұрышына дейін, Пархоменко көшесімен теміржолға дейін

1,8

1,7

0,95

0,95

10.

№ 10 аймақ: Пржевальский мен Дальняя көшелерінің қиылысы, Дальняя көшесімен Омская көшесіне дейін Омская көшесінің № 39 үйінің бұрышына дейін, Омская көшесімен Толстой тұйық көшесіне дейін, 1 Декабрь мен Гастелло көшелерінің қиылысымен Беляков көшесіне Московская көшесі, 77 бойындағы базаға дейін, Московская көшесімен, Московская көшесі, 100-ге дейін, Деревообделочная көшесі, 76/1 бойындағы учаске бойымен, Азат жол үсті көшесін қосқанда, теміржол бойымен Туристическая көшесі, 80 бойындағы өндірістік базамен, теміржол бойымен Солтүстік РСУ учаскесіне дейін, Теректі көшесіне дейін, Теректі көшесімен № 53 үйге дейін, Бостандық көшесін және Азат көшесін қиып өтіп, Азат тұйық көшесіне дейін, әрі қарай Құс фабрикасы, 1 ауданына қарай, Құс фабрикасы, 3 учаскесімен, Песчаный жол үсті көшесі, 4 Б/1 учаскесіне дейін, әрі қарай Пржевальский көшесімен Дальняя көшесінің қиылысына дейін

1,25

1,15

0,75

0,75

11.

№ 11 аймақ: Песчаный жол үсті көшесі, 4 Б/1 учаскесінен Құс фабрикасы, 3 учаскесіне дейін, Құс фабрикасы, 1 учаскесіне қарай, Азат тұйық көшесіне дейін, Азат пен Бостандық көшелерін қиып өтіп, Теректі көшесі, 53-ке дейін, Теректі көшесімен Солтүстік РСУ учаскесіне дейін, Березовая көшесі "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына дейін Дегеленская көшесіне қарай, Залесская көшесі "Сосна" шипажайына дейін, "Сосна" шипажайынан бастап, Құс фабрикасы арқылы Фестивальная көшесіне Фестивальная көшесі, 17-үйдің бұрышына дейін, әрі қарай Советская көшесімен Лиманная көшесіне дейін Бірлік көшесіне бұрылыс, Фестивальная көшесіне дейін төмен Песчаный жол үсті көшесі, 4 Б/1 бойындағы учаскеге дейін

1,15

1,15

0,85

0,85

12.

№ 12 аймақ: Мұрат кентінің учаскесінен бастап, Западный Промузел көшесі, 10, Мұрат алабына дейін, 3001- учаске 4261 - учаскеге дейін, 4261-учаскеден бастап, жоғары "Бекен – аға" шаруа қожалығы мен "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты бойынша Бобровка алабы, 3026 А-ға дейін, 3026 А-учаскеден 2805-учаскеге дейін, 2805 - учаскеден 2680-учаскеге дейін, 2680 - учаскеден 2303-учаскеге дейін, 2303-учаскеден 2274-учаскеге дейін, 2274 - учаскеден 1793-учаскеге дейін Ертіс өзенінің жағасына дейін, Ертіс өзенінің жағасы бойымен 1 Западный кенті тұйық көшесі, 31 бойындағы учаскеге дейін, әрі қарай Щорс көшесімен Созидательная көшесінің қиылысына дейін, Созидательная көшесімен 1 Созидательная көшесінің қиылысына дейін, 1 Созидательная көшесімен 5 Западный кенті тұйық көшесіне дейін, Бобровка кентіндегі учаскеге дейін, Центральная көшесі, 49 А-ға дейін, Тополиная көшесін және Тополиный жол үсті көшесін қиып өтіп, Мұрат алабына дейін, 2460-учаскеден 2233-учаскеге дейін, жолға дейін және жолмен жоғары қазаншұңқырға қарай

1,0

1,0

0,65

0,65

13.

№ 13 аймақ: Галечник аралы, Бобровый аралы, Медвежонок аралы

0,75

0,75

0,75

0,75

14.

№ 14 аймақ: теміржолдан бастап, Жамақаев көшесімен Құлжановтар көшесінің қиылысы, Қаржаубайұлы көшесінің қиылысына дейін, Оборонная көшесі, 62 А/1-ге дейін, Гоголь көшесімен Қаржаубайұлы көшесінің қиылысына дейін, теміржол бойымен Пархоменко көшесіне дейін, Пархоменко көшесімен Бегалин көшесі, 15 - үйдің бұрышына дейін, Бегалин көшесімен Жанатайұлы көшесінің қиылысына дейін, Жанатайұлы көшесімен Жанатайұлы көшесі, 22/1- үйдің бұрышына дейін, Байсалықов көшесімен Сроственская көшесінің қиылысына дейін, теміржол бойымен Мичурин көшесінің қиылысына дейін, теміржол бойымен (652 км) 652 км көшесі, 11 А ауданындағы нұсқарға дейін, Московская көшесімен Мичурин көшесінің қиылысына дейін, теміржол бойымен 9 Околоток көшесіне дейін, теміржол бойымен Жамақаев пен Құлжановтар көшелерінің қиылысына дейін

1,5

1,4

0,85

0,85

15.

№ 15 аймақ: Ержанов көшесі, 11 А бойындағы учаске теміржолынан бастап, 9 Околоток көшесіне дейін, теміржол бойымен Мичурин көшесінің қиылысына дейін, Московская көшесімен Московская көшесі, 100-ге дейін, Беляков көшесінің қиылысына дейін Московская көшесіне бұрылыс, Беляков көшесімен Гастелло, 1 Декабрь, Деревообделочная көшелерін қиып өтіп, Толстой тұйық көшесіне дейін, Омская көшесімен Дальняя көшесінің қиылысындағы Омская көшесі, 39- үйдің бұрышына дейін, Дальняя көшесінен бастап, Пржевальский көшесінің қиылысында Песчаный жол үсті көшесі, 4 Б/1-ға дейін Пржевальский көшесіне бұрылыс, Песчаный жол үсті көшесімен Рыночная көшесі, 1 - үйдің бұрышына дейін, Шымкент көшесімен қиылыс, Рыночная көшесінен бастап, теміржолға дейін (Восточный кентіне қарай), теміржол бойымен Аэрология станциясына дейін Дальняя көшесімен Сыбанов пен Дальняя көшелерінің қиылысына дейін, теміржол бойымен О. Кошевой көшесіне және Новый быт көшесі, 1 жер учаскесіне дейін, Мичурин және О. Кошевой көшелерін қиып өтіп, Ержанов көшесі, 11 А бойындағы учаскенің жанындағы теміржолға дейін

1,3

1,3

0,95

0,95

16.

№ 16 аймақ: Березовский кенті Кордон Соловьевский көшесінен жоғары Лиманная көшесі, 15-ке дейін, Советская көшесінің қиылысына дейін Бірлік көшесіне бұрылыс, Советская көшесімен Фестивальная көшесінің қиылысына дейін, төмен қарай "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына дейін, Тепличная көшесімен Күнгей көшесі, 18 бұрылысына дейін, Күнгей көшесімен Фестивальная көшесі, 94-ке дейін

1,1

1,1

0,85

0,85

17.

№ 17 аймақ: Мұрат кентінің учаскесінен бастап, Западный Промузел көшесі, 10, Мұрат кен орны учаскесімен Мұрат алабына қарай, 2233-учаске 2460-учаскеге дейін, Бобровка кентіне дейін, Центральная көшесі, 49 А бойымен Тополиная және Тополиный жол үсті көшелерін қиып өтіп, 5 Бобровка кенті тұйық көшесімен Созидательная көшесі, 28 бұрышына дейін, Созидательная көшесімен Строительный кенті көшесі, 60 бойындағы учаскеге дейін, Щорс көшесі, 168 бойындағы учаскеге дейін, Щорс көшесінен бастап, Западный Промузел көшесі, 12 учаскесіне дейін, Би Боранбай көшесінің бойымен "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына дейін, Степной кенті Степная көшесімен Западный Промузел көшесі, 10 учаскесінің қазаншұңқырына дейін

0,95

0,95

0,75

0,75

18.

№ 18 аймақ: Би Боранбай көшесінің айналма жолымен Строительный кенті көшесімен Созидательная көшесі, 4 қиылысына дейін, Щорс көшесімен 1 Западный кенті тұйық көшесі, 31 бойындағы учаскеге дейін, Медвежонок аралының бойымен жаңа көпірге дейін, Ертіс өзенінің жағасы бойымен теміржол көпіріне дейін, теміржол бойымен айналма жол арқылы "Заря" және "Арматурщик" гараждық кооперативтерінің бойымен, теміржол бойымен Титов, Стаханов, Ақмола мен Кәрменов көшелерінің қиылысымен Рысқұлов көшесіне бұрылыс, Рысқұлов көшесімен Глинка көшесінің қиылысына дейін, Рысқұлов көшесіндегі гараждық кооператив және стадион арқылы Би Боранбай көшесінің қиылысына дейін Широкая көшесі, 63-ке дейін, Широкая көшесімен Би Боранбай көшесіндегі айналма жолға дейін

1,7

1,6

0,85

0,85

19.

№ 19 аймақ: оң жағалауда орналасқан теміржол көпірінен бастап, теміржолмен Жамақаев көшесінің қиылысына дейін, Жамақаев көшесімен Қ. Мұхамедханов көшесінің қиылысына дейін, Қ. Мұхамедханов көшесімен Найманбаев көшесінің қиылысына дейін, Беспаев көшесімен Ильяшев көшесінің қиылысына дейін, Ильяшев көшесімен оң жағалауда орналасқан теміржол көпіріне дейін

2,1

2,0

1,25

1,25

20.

№ 20 аймақ: Ильяшев көшесінен бастап, Энгельс көшесінің қиылысына дейін, Беспаев көшесімен Найманбаев көшесінің қиылысына дейін, Қ. Мұхамедханов көшесімен Жамақаев көшесінің қиылысына дейін, теміржолмен О. Кошевой көшесінің қиылысына дейін, теміржолмен Терешкова көшесінің қиылысына дейін, тұрғын құрылыс шекарасымен зиратқа дейін, зираттан бастап Энгельс көшесімен

2,1

2,0

1,25

1,25

21.

№ 21 аймақ: Согра алабы

0,85

0,85

0,85

0,85

22.

№ 22 аймақ: тұрғын құрылыс сызығымен автомобиль жолына дейін, құрылыс салудан бос автомобиль жолы аумағымен, Восточный кентінің шығыс жағымен

0,95

0,95

0,85

0,85

23.

№ 23 аймақ: Степной кентінен бастап, Би Боранбай көшесімен, Строительный кентінің оңтүстік және шығыс жақтарымен, Щорс көшесімен Би Боранбай көшесінің қиылысына дейін, Би Боранбай көшесімен Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Рысқұлов көшесімен Кәрменов көшесі ауданындағы теміржол қиылысына дейін, Комсомольский кентінің солтүстік шекарасымен, Семей қаласының шекарасымен

1,5

1,4

0,75

0,75

24.

№ 24 аймақ: сол жағалауда орналасқан теміржол көпірінен бастап, Победа көшесіне дейін, Победа көшесінен бастап, теміржол тұйығының қиылысына дейін, теміржолмен Сорокин көшесінің қиылысына дейін, теміржолмен Әуезов даңғылының қиылысына дейін, Ертіс өзенінің жағасына дейін

1,7

1,6

0,85

0,85

25.

№ 25 аймақ: Большой аралы, Бейбітшілік аралы

0,95

0,95

0,85

0,85

26.

№ 26 аймақ: Аюченко көшесіндегі тұрғын құрылысы шекарасынан бастап, Целинная көшесінің қиылысына дейін, Луговая көшесімен теміржолдың қиылысына дейін, теміржолмен тұрғын құрылысының шекарасына дейін, Связист кентінің шығыс жағымен

1,25

1,15

0,85

0,85

27.

№ 27 аймақ: Восточный кентінің оңтүстік және шығыс жақтарымен, тұрғын құрылыс шекарасымен автомобиль жолының қиылысына дейін, тұрғын құрылыс шекарасымен Ертіс өзеніне дейін, Ертіс өзенімен тұрғын құрылыс шекарасына дейін

1,05

1,05

0,85

0,85

28.

№ 28 аймақ: тұрғын құрылыс сызығымен Водный кентінің батыс шекарасына дейін Автодромная көшесінің қиылысына дейін, Автодромная көшесімен тұрғын құрылыс сызығына дейін

0,95

0,95

0,85

0,85

29.

№ 29 аймақ: Бабий аралы

0,85

0,85

0,85

0,85

30.

№ 30 аймақ: Семей қаласының шекарасынан бастап, теміржолмен Кәрменов көшесі ауданындағы теміржол тұйығының қиылысына дейін, теміржолмен Дружба көшесінің қиылысына дейін, Дружба көшесімен теміржолмен тұрғын құрылысы шекарасына дейін, тұрғын құрылысы шекарасымен автомобиль жолының қиылысына дейін, автомобиль жолымен қаланың шекарасына дейін

1,0

1,0

0,85

0,85

31.

№ 31 аймақ: Дружба көшесінің қиылысындағы теміржолмен Дружба көшесімен теміржол қиылысына дейін, теміржолмен теміржол көпіріне дейін, автомобиль жолымен тұрғын құрылысы шекарасына дейін, автомобиль жолымен теміржолға дейін

1,4

1,3

0,85

0,85

32.

№ 32 аймақ: Ертіс өзенінің сол жағасынан бастап Икенов көшесінің қиылысында, Ертіс өзенінің жағасымен 1 Ключевая көшесіне дейін, 1 Жоламан көшесімен 4 Кирпичный тұйық көшесіне дейін, Лебаев көшесімен Сарлыбаев көшесінің қиылысына дейін, Сарлыбаев көшесімен 10 Кирпичный тұйық көшесіне дейін, 10 Кирпичный тұйық көшесімен қаланың шекарасына дейін, қаланың шекарасымен Автодорожная көшесінің қиылысына дейін, автомобиль жолымен тұрғын құрылыс сызығына дейін, тұрғын құрылыс сызығымен автомобиль жолына дейін, автомобиль жолымен Аягөз көшесіне дейін, Аягөз көшесімен Сорокин көшесіне дейін, Сорокин көшесінен бастап, Икенов көшесіне дейін

1,0

1,0

0,75

0,75

33.

№ 33 аймақ: 10 Кирпичный тұйық көшесімен, Лебаев, 1 Жоламан, Лениногорская, Чарская көшелерімен, тұрғын құрылыс шекарасымен, Центральная көшесімен

1,1

1,1

0,85

0,85

34.

№ 34 аймақ: Автодромная көшесімен Лесозаготовительная, Тоқтабаев, Предгорная көшелеріне дейін, қаланың шекарасына дейін, қаланың шекарасымен Водная көшесіне дейін, Водная көшесімен Автодромная көшесіне дейін

0,85

0,85

0,85

0,85

35.

№ 35 аймақ: Родниковая көшесімен автомобиль жолына дейін, автомобиль жолымен Автодромная көшесіне дейін, Автодромная көшесімен автомобиль жолына дейін, автомобиль жолымен Родниковая көшесіне дейін

0,85

0,85

0,85

0,85

36.

№ 36 аймақ: Лесозаготовительная көшесімен Предгорная көшесіне дейін, Бабий аралының солтүстік жағымен

0,85

0,85

0,85

0,85

37.

№ 37 аймақ: Приречный ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

38.

№ 38 аймақ: Красный Кордон кенті

1,3

1,3

0,85

0,85

39.

Абыралы ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

40.

Айнабұлақ ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

41.

Ақбұлақ ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

42.

Алғабас ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

43.

Қараөлең ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

44.

Достық ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

45.

Жиенәлі ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

46.

Көкентау ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

47.

Ертіс ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

48.

Новобаженово ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

49.

Озерки ауылдық округі

1,0

1,0

0,85

0,85

50.

Шульбинск кенті

1,1

1,1

0,85

0,85

51.

Шаған кенті

1,0

1,0

0,85

0,85


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады