2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 429 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 7988 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аталған қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Аталған қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Аталған қаулының 3 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      4. "Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) аталған қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеу;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде аталған қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізінде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдау;

      3) аталған қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет - желісінде орналастыру қамтамасыз етсін.

      5. Аталған қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.

      6. Аталған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қаласының әкімі Д. Улмесеков

  2020 жылғы 30 қарашадағы
№ 429 қаулысына 1 қосымша

2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

  №
р/с  

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі Қазақстан Республикасының "Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Байкал" филиалы

350

1%

4

2

"Компания "Балапан Көлігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

437

1%

4

3

"Курчатов Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

138

1%

1

4

Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

100

1%

1

  2020 жылғы 30 қарашадағы
№ 429 қаулысына 2 қосымша

2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

  №
р/с  

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының "Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Байкал" филиалы

350

1%

4

2

"Компания "Балапан Көлігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

437

1%

4

3

"Курчатов Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

138

1%

1

4

Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

100

1%

1

  2020 жылғы 30 қарашадағы
№ 429 қаулысына 3 қосымша

2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

  №
р/с  

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының "Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Байкал" филиалы

350

1%

4

2

"Компания "Балапан Көлігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

437

1%

4

3

"Курчатов Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

138

1%

1

4

Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

100

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады