ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары:
әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде анықталсын..
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 20.04.2022 № 14/7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
1) облыс, қала әкімдіктеріне бағынышты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін:
білім ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлері;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері;
мәдениет және спорт ұйымдарындағы мамандандырылған қызметкерлері;
2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен:
мүгедектігі бар балалар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 30.09.2022 № 19/8-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | О. Мысаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. Панченко |